Дамудан қорқамын

Дамудан қорқамын
жеке
блог

Дамудан қорқамын

    Сөзімді бүгіннен емес, бұрыннан бастайын...

 Бұрындары соғыс кезінде аға,апаларымыз өмір сүру үшін қашып,тығылып өмірлерін аман алып қалғандарын естейтінбіз. Ол кезде біреуге бағынышты болдық , өмір сүру үшін біреудің айтқанын қылған осылай өмір сүрген деп жатады үлкендер.

  Ал қазір ше? Елімізде Аллаға шүкір тыныштық, тәуелсізбіз. Түсінбейтінім онда неге күнде  өлді деген сөзді жиі естейміз. Қорқынышты, ауыр сөз білемін. Менің айтқым келгені өлім емес оған не себеп? деген сұрақ жайында. Дамып келеміз,бақыттымыз. Ал осындай бақытқа толы , тыныш өмірден адамдар неге қашады? Бұл мақтанудың бір түрі ме? Білмеймін...

Әйтеуір күнде жан түршігерлік бір жағдай. Ғаламтор күнде осындай ақпаратқа толы.Ақпарат оқудан, жаңалық көруден қорқатын болдық.Еліміздің азаматтары мен азаматшаларыда ұяттан жұрдай болған. Қай жерде өлім соны аңдып жүреді аш иттерше? Бейне түсіріп тұра береді көмектесудің орнына. Жаңалық береміз, ғаламтордаң көп лайк(жүрекше) деген бәлені жинаймыз деген оймен.Селфи деген тағы бар адам өмірін өлімге айналдырып жүрген.Бұны да көпшілігіміз лайк жинау үшін қолданамыз.Ал өзінің өлімін бейнеге түсіріп жүргенге не дейміз? Сұмдық дегеннен басқа. Бәріне осы бір бейнеге түсіретін құрал мен лайк кінәлі.Шындығында, бұрындары адамдар өлімнен қашса, бүгінгі күні өлім адамдардан қашып жүргені рас. Дамып келеміз қолымызда қымбат ұялы телефондар кез-келген жерде бәрін түсіріп аламыз. Бір тетікті басып бүкіл өмірімізді сурет пен бейнеге түсіріп сақтаймыз.Ия шынымен бұл дамыдық деген сөз. Өлімнің көп болуының бірден-бір себебі де осы. Міне,мен сондықтан дамудан қорқамын...