Даланың соңғы ханзадасы

2020 жылдың 16 қарашасында ҚазҰУ-дың филология факультеті ұйымдастырған "Орыс тілі және мәдениеті" орталығының онлайн-алаңында тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, ағартушы және шығыстанушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл толуына орай, ҚазҰУ-дағы Орыс тілі орталығының директоры, ф.ғ.к., доцент Уматова Жанна Мақсұтқызының ұйымдастыруымен "Даланың соңғы ханзадасы" атты онлайн шығармашылық кеші өтті.
Шоқан Уәлиханов - көрнекті ғалым, Ресей империясының офицері, Императорлық орыс Географиялық қоғамының мүшесі, саяхатшы. Орталық Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші. Тыйым салынған Қашғар қаласына сапарымен танымал болған зерттеуші.
ҚазҰУ филология факультетінің студенттері Ш. Уәлихановтың ғалымдық бейнесін толықтай ашып, зерттеу жүргізген ғылымның барлық салаларына тоқталып өтті. Түрлі көрнекіліктер мен видео материалдар Шоқан өмір сүрген заманға сапар шеккендей әсер қалдырды. Ұлы ғалымның мезгілсіз қайтыс болуы Ресейдің ғылыми орталарында көптеген пікірлер тудырды. Орыс Географиялық қоғамының 1865 жылғы есебінде басылған құжаттарында оның ғылымға жанқиярлықпен қызмет еткен батыл саяхатшы және зерттеуші ретіндегі қызметіне жоғары баға берілген.
Шоқан Уәлиханов қысқа, бірақ жарқын әрі ұмытылмас оқиғаларға бай өмір сүрді. Ғалымның бізге қалдырған рухани мұрасының үлкендігі мен ауқымдылығы соншалық, бірнеше ұрпақ кесек-кесек үлгі алып, сол арқылы өзінің адамгершілік әлеуетін байытып, арттыра түседі. Оның еңбектері танымдық және ғылыми тұрғыдан ғана емес, басқа да маңызды, тәрбиелік миссияны орындайды.
 
Г.Б. Мадиева
Филол.ғ.д., профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Филология факультеті, Жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі
Д. Садық
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс магистранты


Бөлісу: