Далада қалау болмайды...

Бұл кітап – менің тәнім дегейсің,

Бұл сөз –менің жаным дегейсің...

                                                                   Григор Нарекаци

   Бұл кітап демекші, бұл кітапты оқымаған адам жоқ шығар.  Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекеті» ғой. Бірақ, оны әркім әрқалай ұғынады, түсінеді...Өз басым ұнаттым. Бәрін, аудармасын да. Қалыптасқан әдетімше ойларды тізбектеп жүретін едім ғой. Міне, тағы да сол...

*Бұл өлкеде пойыздар шығыстан батысқа қарай, батыстан шығысқа қарай жүйткіп жатады...

*Дала –кенен, адам – ноқат. Саған жайлы ма, жайсыз ба – далаға бәрібір; далада қалау болмайды. Тұрғың келсе -  тұр. Тұрғың келмесе – жолың әне. Ал адамға бәрібір емес. Адам жер таңдағыш: оған басқа бір жерде, басқа бір адамдардың арасында балпандай бақыт бардай, ал бұл арада тағдыр оны сарсаңға салып қойғандай көрінеді де тұрады.

*Апыр-ай, өткен күнде белгі жоқ, әйтпесе күні кеше сияқты еді.

*Қайырылмас қайран сол бір күндер! Бәрі де бір күнгідей болмай, көрген түстей, сағымдай өтті-кетті.

                                

*Әкесінің өлімі қай-қайдағы толып жатқан қайғыны қозғап кеткен себеп сияқты. Көптен бері қағанағында тығылып тұрған запыранның тығыны атылғандай болды.

*Ол кезде теңіз темір жолдың жиегіне дейін жетіп жататын. Қазір ғой дүрбімен қарап таба алмайсың.

*Тек Құдайға ғана өкпе жүрмейді: өзі берген жанын дәм таусылғанда өзі қайтып алады, оған өкпе жүрмейді. Ал жер бетінде қалған істің бәріне де сұрақ бар!

*Ал қорланған жан жарасы еш уақытта жазылмақ емес...

         

*Дүниеде құдай бар ма, жоқ па, мәселе онда емес. Бірақ адам көбінесе оны жаны қысылып, басына іс түскенде ғана есіне алады. Бұл, әрине, күнә.

*Ілуде біреу болса да, екі жақсы қосылатын бір сәттер кездеседі. Ия, сирек те болса кездеседі.

*Біреудің қолында бар байлық басқа біреуде де бар болар, ал ақыл-ой тек саған ғана тән, басқалардікінен бөлек жалғыз асылың. Біреудің ақылы біреуге қазына болмайды.

*Өмір шіркін осылай болуы тиіс те ғой. Адам байғұстың бақытты болуы үшін аса байлық не керек...

                               

*Бірақ жетесіздің аты жетесіз. Аузынан ақ май ағызсаң да адам болмайды.

*Теңізде ән салу рақат қой, шіркін. Теңіз бәрін де түсінеді.

*«Хан құдай емес, уәзірлерінің не істеп жүргенін үнемі біле бермейді, ал уәзірлер базарда алым-салық жинаушылардың не істеп жүргенін үнемі сезе бермейді».

*Ақылға салса, түсінген де шығар, бірақ жүрегі құрғыр шыдамапты да...



Бөлісу: