Далада емтихан тапсырғыңыз келе ме?

Бәрімізге белгілі, Қытай әлемде халқы ең көп, яғни тығыз орналасқан мемлекеттердің бірі. 2014-ші жылғы санақ бойынша халқының саны 1,4 миллиард адамға жеткен. Мұндай адам санымен  басқаша өмір сүруге тура келеді. Біз бұған мысал ретінде Шэньси провинциясындағы колледжді алып қарай аламыз. Қытайда адам саны көп болғандықтан, студенттердің  де көп болуы заңдылық. Оқу орнындағы студенттердің бір уақытта емтихан тапсыруы үшін оқу әкімшілігі ерекше тәсіл ойлап тапқан. Яғни, студенттердің таза ауада емтихан тапсыруын. Бұл тәсілдің ерекше бір айта кетерлік тұсы, студенттер емтихан тапсыру барысында қосымша мәлімет немесе шпаргалка қолданбауы үшін тек кезекші мұғалім қарап жүрмейді, оны қосымша жоғарғы жағынан арнайы дүрбімен бақылап отырады.



Бөлісу: