Дала музыкасын жүрегімен сүйген!

Латиф Абдулхаевич Хамиди (1906 - 1983 жж.)

Ең көп із қалдырған қызмет саласы

Ұлы композитор, ұстаз, Қазақстанның халық әртісі (1966 ж.), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978 ж.).

Аспаптық музыка жанрында Латиф Хамиди фортепиано, халық аспаптары ансамблі, ішекті квартетке арнап музыка жазды, ол домбыраны асқан шебер аспаптар дәрежесіне көтерді, ол үшін таңғажайып туындылар жасады. Хамиди деректі, ғылыми-танымдық, көркем фильмдер мен драмалық қойылымдарға музыка жазды. Өз жолын жаңалық ашушы ретінде өткізіп, орыс және әлемдік мәдениеттің элементтерін қазақ топырағына жеткізді. Қазақ музыкасы мен Латиф Хамидидің даму жолдары сәйкес келді.

1933 жылға қарай Александр Затаевич кейбір халық әндері мен күйлерін жинап, жазып алды, Евгений Брусиловский халықтық әуенге еyропалық дәстүрлерді қолдануға тырысты. Ахмет Жұбанов өткен замандағы Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек композиторларының мұраларын зерттейді. Хамиди де осы жұмысқа қосылды.

Қызықты өмірбаян деректері

Композитор 50-ден астам ән мен романстар, драмалық қойылымдар мен фильмдерге музыка жазды. Алғашқылардың бірі болып ол Абай әндерінің ең жақсы үлгілерін, сонымен қатар 200-ден астам халық әндері мен аспаптық шығармаларды нақышына салып жазды, содан кейін 100-ден астам қазақ, татар, башқұрт, өзбек, түрікмен әндерін өңдеді.

Тұлға туралы қазіргі замандастардың естеліктері, зерттеушілердің, оқушылардың, ұрпақтардың пікірлері

Латиф Хамидидің шығармаларындағы қазақтың көпшілікке арналған әндері қазақ халық әндері мен кеңестік бұқаралық әндердің дәстүрлерінің біріктігуі, олардың көңіл-күйі өмірді мадақтау болды.

 «Алматы консерваториясының және Қазақ драма театрының сүйіктісі және жаңалық ашушысы, студенттер мен жас композиторлар үшін ол сөзсіз биік», - дейді театрдың әншілері, музыканттары мен режиссерлері. 

Өміріндегі Қазақстанмен, қазақ халқымен байланысты бірегей оқиғалары 

Латиф Хамиди Қазақстанның музыкалық мәдениеті тарихында қазақ халық музыкасының жинаушысы-этнографы ретінде де, оқу және музыкалық басылымдардың авторы ретінде де қалды. Қазақ музыкасының марш, вальс, көпшілікке арналған ән сияқты жанрларын жасаушы.

Вокал жанры Хамиди шығармашылығының маңызды және ауқымды бөлігі болып табылады. Оның көмегімен композитор қазақ музыкасының рухы мен сипатын дәл анықтап, қазақ топырағының туған баласы атанды.  

Шығармашылық мұрасы

Латиф Хамиди композиция және инструментовка салаларындағы жоғары кәсіби мамандардың оқытушысы, қазақ халық әндерін, операларын және симфониялық шығармаларын хорға арнап өңдеу шебері, Қазақ КСР Мемлекеттік Гимнінің авторларының бірі, мұғалім, дирижер және музыкалық қоғам қайраткері болды.

Хор музыкасы саласындағы жаңашылдықты көрсете отырып, Латиф Хамиди халық әуендеріне негізделген хор туындыларына табиғи және органикалық полифониялық үйлесімділікті жасады.

Марапаттар

Интеллектуалды, зиялы Латиф Хамиди Еңбек Қызыл Ту орденімен үш мәрте марапатталды, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген әртісі атағына ие болды.





Бөлісу: