Дала-дастан,дала-тарих,дала-аңыз!
жеке
блог
блог
Дала-дастан,дала-тарих,дала-аңыз,
Болған емес үнсіздіксіз,ол жалғыз.
Тарихын білмей тұра,өткендерің,
Бел асып,біздер қайда барамыз?!
Бақыттарға жетелер ақ таңымсың,
Кеше,бүгін,ертеңгі шақтарымсың.
Самал жел,мөлдір су,таза ауамен,
Дала-менің гүлдеген бақтарымсың.
Ақын,батыр,тұлғалар баптарысың,
Өзен,тоғай,таулардың қатпарысың.
Тәрбиелеген сансыз өрен,ғалымдарды,
Дала-менің әрдайым мақтанышым.
Сыр шертеді әуендей тартып сырнай,
Қазағымның кең байтақ даласын-ай.
Батырлырың талай жыл сақтап келген,
Сақтаулы қазір де көз қарасындай.
Мейлі елде болайық,мейлі түзде,
Бөлінсек те руларға,ата-жүзге.
Бірақта дөңгеленген дүниенің,
Ауасы мен даласы ортақ бізге...
Салтанат Шырынхан