Д.А.Қонаев атындағы мұражайға бардыңыз ба?

Д.А.Қонаев атындағы мұражайға бардыңыз ба?
жеке
блог

Мақсатымыз: Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, академик Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ағамыздың Қазақстан халқына ғана емес бүкіл әлемге әйгілі есімін студенттерге мұражайды өз көздерімен көру арқылы таныту, естеріне қалдыру. Ұлы тұлға өзінің 45 жылдай уақытында еліміздің мемлекеттік және саяси өмірінің ең биік шыңында болды. Дінмұхамед Ахметұлының Қазақстанның экономикасының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз, осындай ақпараттарды студенттерге жеткізу. Музейге жайында көптеген қызықты ақпараттармен таныс болдық. Бұл мұражай өз жәдігерлерінің құндылығымен ерекшеленеді. Мұнда Дінмұхамед Ахметұлының жекелеген заттары, техникалық, анықтамалық және көркем әдебиеттер, өнер жөнінде альбомдар, авторлардың жекелей қолтаңбасы жазылған кітаптары, жиһаздар, тұрмыстық заттар, мерейтойларына арналған көптеген сыйлықтар мен экспонаттар, басқа да әр алуан заттар бар. Бұлардың бәрі ұзақ жылдар бойы мұқият сақталған және Дінмұхамед Ахметұлының немере інісі Диар Асқарұлы Қонаев мұражайға табыс еткен. Қорыта айтқанда, мұражайдың ерекше құндылығы – мемориалдық пәтер-мұражайының толықтығында және ауқымының кеңдігінде. Мұнда сақталған жәдігерлер Дінмұхамет Ахметұлының дүние-мүлікке қызықпайтын қарапайым адам болғанын, оның қарапайым тіршілігін, қалай дем алып нендей дүниеге қызығушылық білдіретінін аңғартады. «Д.А.Қонаевтың мемориалдық пәтер - мұражайы» - бұл өткен тарихымызбен таныстыратын орын әрі өнегелі өмірдің нағыз куәгері екен.