ДАБЫЛ! ДАБЫЛ!
блог
Адам Ата мен Хауа Ананың заманынан бері қарай ананың алақаны балаға айдынды қоныс болып келе жатқанын жоққа шығара алмаймыз. Данышпан халқымыз "Ананың көңілі балада..." деп қалай тауып айтқан дерсің?! Бірақ қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған шақта бұл мәтелдің өңі оңып, оты сөніп тұрғаны. Теледидарды қосуым мұң еді, өз құлағыма өзім сенбей сілейіп отырып қалғаным. Оңтүстік Қазақстанда көкек-ана 4 бірдей баласын 4 түрлі отбасына әрқайсысын 30000-40000 теңгеге сатып жіберген. Оны құқық қорғау ұйымының қызметкерлері кеш те болса анықтап, істің анық-қанығын тексеру үстінде. Ардан безген "айуан" қазір тергелу изоляторында. Бауыр еті баласын қолдың кіріне айырбастап жіберген "айуанды" заң аяп қалмасы анық. Осыған ұқсас жағдай болғаны күні кеше емес пе еді?! Көңілдің гүлі, көздің нұры болар періштелерден бас тартқанын кім, қалай айтса да ақтап алуға болмайды деп ойлаймын. Бойында қазақтың қаны бар, ұлтжанды, мұндай масқараға бей-жай қарамайтын мына сіз не дейсіз?
(суреттің тақырыпқа қатысы жоқ, досымның балалары ғой)