Телегей-теңіз терең ақыл мен аса білімдарлық, көреген зерделілік-бұл биік тұлғаның парасатты бейнесі еді. Біле-білген адамға Қонаев атамыз тек саяси басшы ғана емес, ол ұлттың рухани ұстазы болды. Бұл үлкен дәрежелі ұлттың ұстазы деген ұлы атқа лайық кісіге арнап бір мақала жазуды жөн көрдім бауырлар, мұнымды қолдап сіздерде жазасыздар деп ойлаймын. Кіршіксіз кісілігі мол, баршаға қамқор- ол күнделікті жай тірлікте жан-жүрегімен қуанып, қиянатты да сабырмен жеңіп, қайғы-мұңды да ақыл оймен көтере білетін.
Қонаев халқы үшін игілікті мол істер мен жоралғылы ізгі жақсылықтар жасады. Оның жемісті еңбектерін халқы да әділ әрі лайықты бағалап, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атағын берді. Оған қоса 8 Ленин, Октябрь революциясы ордендерімен, және көптеген медальдармен марапаттады. Әрине орден, медальдар екінші кезекте, бірінші әрине халқының ұлына деген ақ тілек батасы, ақ адал алғысы еді берген. Елінің алғысын алған ұлы да, Ұлы кемеңгер тұлғаға айналды. Және де айтпай кетуге болмайтын нәрсе Қонаев жарқын өмірдің салтанат құруы ісіне шын берілген табанды қайраткер болды. Ол өзінің асқақ мұратты парызын адал орындады.
Қорыта айтқанда бұл мақаланы жазу көптен бері ойымда жүрген. Бүгін осыны жазудың сәті түсіп отыр. "Елу жыл ел ағасы" деген Қонаев атамыз туралы шыққан кітапты оқып болғаннан кейін маған осындай үлкен ой келді. Аға буын өкілдері өздерінің атамыз туралы пікірлерін де айтты, жазарларын да жазды. Ендігі кезек біздікі деп жазып отырмын. Жалпы әрбір мен қазақпын деген ұлтжанды, ұлтын шексіз сүйетін азаматтардың Қонаев туралы ойы, пікірі болу керек деп ойлаймын.