Cізге тән мамандық қандай?

Cізге тән мамандық қандай?
жеке
блог

Әлемде сантүрлі мамандық бар. Адам екі таңдаудан қателеспеу керек: бірі жар таңдау, екіншісі мамандық таңдау. Мектеп табалдырығын тоздырып, жоғары білім алуға талпынған әрбір түлектің алдында үлкен сұрақ тұрады, ол: қандай мамандық таңдаймын? Бірі ата-анасының қалауымен жүрсе, енді бірі бала кезден армандаған мамандығына баруға талпынады. Кейбіреулері, тіпті, өз қалауының қандай мамандыққа түсерін де, кім болғысы келетінін де білмей жатады. Осы тығырықтан шығу үшін мен ұсынған психологиялық тест аз да болса көмектеседі деп ойлаймын. Бұл тестті кез келген адам жүргізе алады, ең бастысы қолыңызда қағаз бен қаламыңыз болса жеткілікті.

Ең алдымен өзіңізге ұнайтын 20 мамандықты тізіп шығыңыз. Жиырмалықтың қатарын толтыру үшін кез келген мамандықты жаза салмаңыз, тестке салғырт қарамаңыз.

Осы тізімдегі  қай саладан өзіңізді елестете аласыз? Ал қайсысы сізге тән емес? Соларды тізімнен сызып тастаңыз. Тең жартысына жуығы тізімде қалу керек.

Қалған мамандықтардың ішінен ең қатты ұнайтын 5 мамандықты таңдап алыңыз,көп ойланбаңыз!

Таңдалған 5 саладан тек біреуін қалдырып, қалғанын сызып тастаңыз!

Соңғы қалған мамандық-сіздің жаныңыз қалайтын сала! Осы саладан ғана өзіңізді таба аласыз. Тізіміңізде қай мамандық қалды, оқырман?