Cудың керемет қасиеттері

Cудың керемет қасиеттері
жеке
блог

2005 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша Су онжылдығының бастамасы болып қабылданды. Адам денесі 70 пайыз судан тұрады. Су - тіршілік көзі. Тарихи деректерге, аңыз-ертегілерге қарасақ ертедегі өркениеттер суға ерекше құрметпен қарап, кейбір елдер оны пір тұтқан. Бұның бәрі бекер емес. Ендеше, неліктен суға үлкен көңіл бөлінген? Суда қандай қасиет бар? Қазақ неге суға дем салған?

Судың қасиеті көп зерттелуде. Ол жайында Пенсильвания университетінің профессоры Рустум Рой: "Су өмір мәнісі. Ол өте жұмсақ болғанымен қатар, өте икемделгіш. Ол ең қатты деген жартастардың өзің тамшылар тұрып-ақ тесіп шығады." - дейді.

Бұдан бөлек судың есте сақтау қасиеті бар. Ол өзіне тиген заттың не екенін біле қояды. Оны бүгінгі ғалымдар дәлелдеп отыр. Рустум Рой су жөнінде былай деп жалғастырады : "Мидың негізгі бөлігін су құрайды. Судың өзі сияқты молекулалары да тез қозғалады. Ол мидың есте сақтау бөлігін құрайды. Сондықтан су мидың ақпаратты есте сақтау бөлігіне жауапты. " Бір тәжірибесінде ол сыртқы мәліметке қарай су молекулалары түзетін кристалдар өзгеретіндігіне анық көз жеткізді. Екі бірдей ыдысқа су құйып, біоеуіне жақсы, ұнамды, жағымды сөз, екіншісіне жаман, жағымсыз сөз жазылған қағаз жапсырған. Жағымды сөз жазылған су кристалдары әдемі, ал жағымсыз сөз жазылған судағы кристалдардың пішіні бүлінгендігі анықталған.

Су адам өмірінің бұлтартпас бөлігі. Адам 70 пайыз судан құрала отырып, тәулігіне 2,5 литр су ішеді. Тағы 1,5 литр суды моншаға түскенде терісі арқылы қабылдайды екен. Енді даму сатысына енген аналық жұмыртқа 96 пайыз, ал жаңа туған сәби 80 пайыз судан құралады. Адамның өсуімен оның денесіндегі су құрамы азая түседі. Өлер алдында ерні кезерген адамның ерніне шүберекпен су тамызу - қазақта жиі кездесетін жайт. Бұл адам өмірінң сумен тығыз байланыста екенің көрсетсе керек.