Coca-Сola қосымшалары

Coca-Сola қосымшалары
жеке
блог

Кез келген мерекеде, қыста болсын, мейлі ол жазда болсын, қазіргі кезде әрқашанда дастархан төрінен «Кока кола» шырыны орын алатыны белгілі. Оның қаншалықты адам өмірі үшін зиян екенін, кейде тіпті қауіпті екенін білсек те, қандай ингредиеттер арқылы дайындалатынын естіп-біліп жатсақ та, Қазақ тағамтану академиясының мойындамай жатқанын білсек те аталмыш әлемдік брендті дастархан басынан қуып шыға алмаймыз. Дегенмен, дәл қазір мен қаншама адам айтып, жазып жүрген оның зиянды тұстарын қайтадан мәселе етіп көтергім келмейді. Бірі білер, бірі білмес, коланың 9 пайдасы бар екен. Сондықтан, сіздерге тұрмыста сол пайдасы қажет болар деген оймен нақтылап таныстырғым келіп отыр.

боль

  1. Ауырғанды және жарақатты емдеу. Кола түрлі жәндіктер, атап айтсақ, ара, медуза, маса шаққанда, ауырсыну мен ісіп кетуді басады. Қолда қажетті арнайы емдік препараттар болмай қалған жағдайда, жарақат орнына жағып көріңіз. Бұл қышынуды және ауруды басауға үлкен көмек береді. Коланың тіпті ірі теңіз жыртқышы тұтасқанант, яғни, белгілі есімі скаттың жарақаттауынан да емдеу қасиеті бар.оса
  2. Ара мен ұсақ жәндіктерді қашықтықта ұстау. Кола бунақденелі жәндіктерді сізден қашықта ұстауға қабілетті. Сыртта жұмыс жасауға, тағы басқа нәрсе үшын жүрген болсаңыз, жаныңызға газды сусынды құтыға құйып қойыңыз. Және бұл сусынды мүлдем ішпеңіз! Ішіне жәндіктер түсіп кеткен болуы мүмкін.лед
  3. Мұзды жібіту. Егер көлігіңіздің екіжақты әйнектерін мұз басқан болса, онда көмекке тағы да кока-кола шырыны келеді. Ол процессті жеделдетуге әсер етеді. Мұзданған әйнекке коланы құцыңыз, бірнеше минут күтесіз. Сонда тазалау әлдеқайда жеңіл болады.вонь
  4. Жағымсыз иіс. Жаман иістерден (мысалы, тарбаған – «скунс») су мен сабынның аз мөлшері қосылған бір құты кола құтқара алады екен. Дұрыс әсер алу үшін оған тағы да сутек тотығы (перекись водорода) мен ас содасын қосыңыз. Егер иіс теріңізге сіңіп қалса, коламен ысқылап, душқа шомылыңыз.стекло
  5. Әйнек жуу. Кока-кола құрамында лимон қышқылы бар. Сол себепті ол әйнек жууда таптырмас құрал. Ол тіпті қатты сіңіп кеткен ластан да тез құтылады. Тек соңында әйнекті таза дымқыл матамен сүртып, тәтті көпіргіштің қалмағанына сенімді болыңыз, кері жағдайда, әйнек жабысқақ болады.унитаз
  6. Тазалау. Унитазды тазаламай тұрып, онда бір шөлмек коланы құйсаңыз, жұмысты әжептәуір жеңілдете түседі. Коланы құйғаннан кейін, бірнеше минут күте тұрыңыз, одан соң тазалау процедурасын әдетте қалай жасасаңыз, солай етіңіз. Тазалау уақыты қысқаруы
     керек).волосы
  7. Жабысқақ шаш. Кола шашыңызға кездейсоқ жабысып қалған сағызды алуда адал қызмет көрсете алады. Шашыңызға коланы жағып, бірнеше минут күтіңіз. Кейін сағызды асықпай әрі ақырын ала бастаңыз. Процесс уақытты қажет етеді, дегенмен шашты қиғаннан жақсы.желудок8. Ішкі ағза. Кола қысқа уақытқа асқазандағы ауру мен қыжылды баса алады. Кім білген, бірақ сусын жүрек айнуда және диареяда көмектеседі. Сонымен бірге ангина мен ықылық тиюден де құтылуға көмектеседі.

Қатты тойып тамақ ішкеннен кейін, бір стақан кола жарты сағат ішінде ішкі ағзаңызды тазалап шығады.

ржава320

 
 

9. Тот басу. Тот басқан затты тазалау үшін, оны колада түні бойы сақтаңыз, ал таңертең жуыңыз. Ал хроммен қапталған бөлігін тазалағыңыз келсе. Мат немесе ысқышпен коланы сіңіре отыра сүртіңіз. Сонда қара жағымсыз дақтардан құтыласыз.