Coca-Cola”ға арналған музей туралы не білесіз?

Coca-Cola”ға арналған музей туралы не білесіз?
жеке
блог

Мәскудегі “Coca-Cola Hellenic” заводында “Coca-Cola әлемі” деп аталушы музей келушілер үшін есігін ашты. 

Бұл жерде музейді және заводты толықтай аралау мүмкін...

“Кока-Кола” бұл жерде өндірілмейді, бұл жерде бар болғаны оны ішімдік көрінісіне келтіреді. Әлем бойынша “сырлы формула” негізінде концентратты жасаушы бір неше завод ғана бар. Сол заводтарда дайындалған  концентраттар басқа заводтарға жіберіледі. Бұл  заводтарда болса концентрат су және сироп араласпасына қосылады, газды түрде ыдыстарға құйылады. “Coca-Cola Hellenic” Еуроазиядағы ең ірі сондай заводтың бірі.

Заводтың дайындау бөлімінде химиялық зертханалар орналасқан. Бұл жерде әр жарты сағат сайын сусыннан үлгі алынады. Әр бір үлгі өнімнің сақталу мерзімі аяқталғанша осы жерде сақталады. 

Жарамсыз үлгілер қайта өңдеуге жіберіледі. Шыны бөтелкелер асфальт жұмыстарына, майысқан металл банкалар болса түсті металды қайта өңдеу заводына жіберіледі.

Сусын құрамындағы су қалалық су жүйесінен алынады.

Заводта барлығы автоматтандырылған.

Ыдыстар осылай дайындалады.

Әр бір ыдысқа код негізінде кезекші технологтың аты-жөні, кезекшілік күні енгізіледі.

Қойма.

Бұл - музей.

Музей алаңы 100 шаршы метрді құрайды. Бұл жер 1886 жылы “Coca-Cola”ның құпия рецептін дайындаған Жейкобтың дәріханасы көрініс. Үлкен  экраннан бренд тарихына қатысты көріністер көрсетіледі.

Бұлар сусын ыдыстарының ертеректегі көрінісі. 

Әйгілі  дизайнер және әншілермен бірлесе дайындалған аз данадағы ыдыстарда бар.

Бұл ыдыстар Император шыны заводында қолмен безендірілген екен.

Бұл ыдыстарды 1980 жылы Олимпиадаға арнайы дайындаған.

130 жылдан бері бұл сусын күллі адамзат баласын өзіне баурап келеді.

“Coca-Cola” музейі келушілерін асыға күтуде!!!

Келесі блогымызда әлемдегі ең танымал, АҚШ - тың Атланта қаласындағы “Coca-Cola” музейімен таныстырамыз...