«Чёрный лебедь» фильмін көруге кеңес беремін

«Чёрный лебедь»  фильмін көруге кеңес беремін
жеке
блог

     Жақында,  менің өмірге деген көзқарасымды түбегейлі өзгерткен,ең мықты киногерлер түсірген  «Чёрный лебедь» фильмін  көрген едім.  Киноны жарыққа шығарған шығармашылық топтың шеберлігі соншалық , тіпті сөзбен айтып жеткізу қиын. Фильмнің сюжеті шиеленісті болғанымен, ақыр аяғында бәрі айқындалады. Басты рөлді Голливудттың керемет актрисаларының бірі- Натали Портман сомдаған.Натали Портманның шын мәнінде, өте таланнты  актриса екендігіне тағы да көз жеткіздім. Осы фильмдегі ойыны үшін ол «Ең үздік рөл» номинациясы бойынша, «Оскар» сыйлығының игері атанған болатын.

    Адам дүние есігін ашқан сәттен бастап , үнемі толассыз күрестер жүргізіп келеді. Ол күрестер адамның шын мәнінде «адам»  болуы үшін жасалатын дүние. Жасқаншақтық, сенімсіздік,  қорқақтық,  қобалжу әр адамның бойында кездесетін  нәрсе. Оны жеңу де, оңай емес. Бірақ ,адам алға қойған мақсатына жету үшін ең алдымен өзің билей алуы қажет. Ішіндегі екінші өзіңді басқара алсаң ғана, әрқашан тек биіктерден көрінетін боласын.

     Бұл картинада : біз өмірімізде,күнделікті жағдайда бастан кешіріп жүрген  сезімдер жоғары дәрежеде ашылған.Сатқындық,жағымпаздық, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлық, адамдық қасиеттер, олардың биік дәрежеде көрсетілуі, кез - келген көрермен көңілінен шығуы тиіс.Көре алмаушылық, қызғаныш сияқты  теріс дүниелер басқа қырынан суреттелген.  Фильмнің   басты кейіпкері, адам өміріңдегі  ең қорқынышты күресті жүргізеді. Өзіңнің  бойындағы қорқыныштар мен тылсым сезімдермен айқасу, оны жеңу өте қиын. Сен тек сезімдермен ғана емес, тікелей өзіңмен айқасасын. Сенің осал тұсыңды білетін екінші адам ол -  тек қана  өзің. Сондықтан да бірдей дәрежеде, дәл өзіңнің көшірмең , яғни ішкі өзіңмен таласу әркімнің қолынан келе бермейді. Оны жеңу кез келген адамға бұйырмаған құбылыс.

      Не дегенмен де,  фильмді  кейбір жандар қиын қабылдауы мүмкін. Киноның ішінде күтпеген жерден түсініксіз, шиеленісті сәттер кездеседі. Адамның психологиясына қатты әсер етеді. Кейбіреуі фильмді тамашалағаннан кейін өзіне өмірлік  сабақ алса, басқа біреуі ештеңе де түсінбеуі мүмкін.Бәрі де көрерменнің кино ішіне шын кіруіне байланысты деп ойлаймын.  Мен сіздерге осы фильмді түсініп, беріліп көруге кеңес беремін...