Төрт көзіміз асыға көретін футбол додасы енді қызып келеді. Ел чемпиондары таласқа түскен "Чемпиондар лигасыда" енді қызып келеді. Бұл сыңға еліміздің былтырғы чемпионы "Шахтер" футбол командасы түскен болатын. Ел чемпиондары өз елімізде чемпиондық атақтанда жүлдеден де құр алақан емес. Оларға тек жетіспейтіні Чемпиондар лигасының чемпионы деген атақ қана болар. Қысқасы Қазақ футболының бүгінгі бет келбет десекте болады. "Батэні", одан қала берді "Скендербеуді" жеңіп өз өрнегін қалыптастырып қана қоймай кішігірім болсада "сенсация жасап футбол жанкүйерлерін шулатқан кеншілер, бүгінгі ойында айды да аспаннан шығарып қана қоймай жанкүйер күтпеген ойынды көрсетті. Соңғы ойын өткізетіндей алаңға шығамыз деген "Шахтер" футбошылары. Міне нағыз футболшылар. Әр матчта соңғы ойынға шыққандай ойын өрнегін көрсетіп келеді жігіттер. Тек жарайсыңдар дегім келеді. Қалай мақтасақта жарап тұр. Міне нағыз "Сенсация"! Ойын баста салысымен "Селтик" футболшылары шабуылды үдете түсті. Кім білсін бар шаруаны бірінші таймда тындыра салғысы келген болар. Шабуылдап жүріп қорғанысы сыр бергені сол еді "Шахтер" футболшылары есеп ашты. Қонақтардың қателігін дәл тапқан команда капитаны Андрей Финонченко таблоны теңселтіп есепті 1 де 0 қылды. Бұл бірінші таймның небәрі 12 минуты болатын. (Бұрындары тең ойнасада жарап қалар дейтін командамыздан осы күндері тек қана жеңіс күтеміз. Жеңіс қана емес сол жеңістің жолында жүлде алса екен дейміз іштей тебіреністе.) Тойдың боладысынан болғаны қызық демекші. Қызықтың көкесін екінші таймда көрдік. "Селтик" командасыда тағыда желпніп шабуылдарды үдеткенмен, біздің командамыз жамбастап жатып, қақшиып қорғаныста тұрып қалмады. Бірнеше қарымта шабуылдарда жасады. Сондай шабуылдардың бірі 77-ші минутта орын алды. 7 санын кие тұтатын Қазақ елі қос жетіліктен үлкен үміт күтсе керек команданың серкесі Сергей Хижниченко есепте еселеді. Сірә "Селтик командасы" күтпесе керек абдырап қалғаны байқалды. Бұл жолы Қазақ жанкүйерлерінің қуанышында шек болмады. Төбеміз көкке тигендей болды, бір сәтке болсады. Міне біз күткен ойын дегендей жанкүйерлер одан әрі Шахтерді қолдай түсті. Расында Қазақ футболы тарихында бұрын соңды болмаған жетістік. Есеп 2-0 Қазақ жанкүйерлерінің пайдасына шешілді. Қарымта матч 28-ші тамызда Шотландияда болады. Қарымта кездесуде де командамыз білгенінен жаңылмасын деп тілейік. Одан әрі қала берді "Чемпиондар Лигасының топтық турнирі. Қазақ футболшыларына жаңа жылнама ашылары күнде алыс емесін ұқтыратындай.