Челябіде метеориттің құлаған жерінде шұңқырдың диаметрді 6 метрді құрады

Жапа шеккендер саны мыңнан асты. Жарылыс толқынынан Челябінің 20 ауданы зардап шекті. Мәселен, Челябідегі мырыш зауытының төбесіне метеориттің бөлігі түсіп, ол опырылып құлаған.Ғимарат ішінде сол бойда өрт шығып, төрт жұмысшы жараланды. Өңірдегі мектептерде сабақ тоқтатылып, оқушылар үйлеріне таратылды. Аспан денесінің құлауы астрономдарды таң қалдырды. Себебі күнделікті зерттеу жүргізіп жүрген олар тосын құбылыстың бүгін боларын мүлдем күтпеген. Метеориттің құлаған жеріндегі шұңқырдың диаметрі 6 метрді құрады. Ал көрші ресейліктерден бұрын бұл метеоритті еліміздің бірқатар облыстарының тұрғындары байқапты. Таңсәріде Қостанай облысының Меңдіқара ауданы үстінен өтіп, солтүстікке қарай Түмен, Қорған, Свердловск арқылы Челябіге жеткен. Әуеден құлап келе жатқан от жалынды Ақтөбе, Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облысы тұрғындары да аңғарған. Тіпті ақтөбеліктер «ұшаққұлады» екен деп төтенше жағдайлар қызметін тікесінен тік тұрғызды. Құтқарушылар тұрғындар айтқан Мәртөк және Қарғалы аудандарын барлап шығып, ештеңе таппады. Сондай-ақ Астана маңына метеоритсынықтары құлады деген хабарламалар расталмады, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстанға" құқық қорғау органдарындағы дереккөз. "Астана маңы мен Ақтөбе облысының бірқатар аудандарынаметеорит құлады деген ақпарат түскен еді. Сол орындарға шыққан ТЖМ қызметкерлері аспан денелерінің құлағандығын көрсететін ештеңе таппады", - деді агенттікпен әңгімелесуші. Дереккөз: baq.kz



Бөлісу: