Чех еліндегі күндерім. «Samsung Forum 2012» шарасы. O’table ас пісіру тақтайшасы

Чех еліндегі күндерім. «Samsung Forum 2012» шарасы. O’table ас пісіру тақтайшасы
жеке
блог

Прага қаласында өткен форумда көрсетілген техникалық бұйымдардың арасында бірден көзіме мына бір тақтайша түсті. Нәзік жандылардың бірі болғандықтан, қазан қайнатып жататын жайымыз бар. Сондықтан да, мені тұрмыстық ас үй техникасы көбірек қызықтырды.

Таяуда электроқуатын үнемдейтін тоңазытқыштар топтамасы туралы айтып кеткен болатынмын. Мұндай тоңазытқыш алу ойда бар дүние.

Ал мына бір ас пісіру тақтайшасы мені түсімен де, келбетімен де, техникалық мүмкіндіктерімен өте қатты қызықтырды.


Samsung O’table — кез келген жерде ас пісіруге мүмкіндік беретін әлемдегі алғашқы индукциялық пеш. Оның бес түсті түрі бар: көк («Capri blue»), қызыл («Ruby red»), жасыл («Mint green»), қара («Stylish black») и ақшыл сары («Cream white»).

Керамикалық әйнектен жасалған ас пісіру тақтайшасы ыңғайлы келбетімен ғана емес, беріктігімен таң қалдырады.

Бұл пештің ел алдына шыққанына көп уақыт болмаса да, бұл техникалық бұйым iF Design Awards 2012 жүлдесін иеленіп үлгерді. Керамикалық әйнек тазалауға, жууға ыңғайлы. Оның негізінде сенсорлық дөңгелек орналасқан. Саусағыңыздың ұшын пеш үстіне тигізе отырып, сіз пештің қызу температурасын ауыстыра аласыз.


O’table өте ақылды пеш. Ол пеш үстінде қандай ыдыс тұрғанын анықтай алады. Пеште қауіпсіздік жүйесі орнатылған. Бұл арқылы қандай температура болмасын, сіз ешуақытта ыстыққа арандап, күйіп қалмайсыз. Ал қараңғы не түнгі уақытта ас пісіру үшін пеште жарық функциясы орналасқан. Пештің ең жоғары қуаттылығы 2200 Вт, қыздырудың 15 деңгейі қарастырылған.

Техникалық мүмкіндіктерімен қатар, маған бұл пеш түстерінің түрлілігі ұнады. Бұл ас үй көркімен үйлесім табады.

Өкінішке орай, бұл тақтайша биылғы жылы жарыққа шыққаннан соң, оны жақын күндері дүкен сөрелерінен көре алмаймыз. Алайда, мұндай пешті сүйіктіңізге келесі жылдың 8-наурызында сыйлауыңызға болады. Ол үшін қазірден бастап, тиын-тебеніңізді жинастыра беріңіз)))