Чех еліндегі күндерім. Samsung Forum 2012. Galaxy Note

Чех еліндегі күндерім. Samsung Forum 2012. Galaxy Note
жеке
блог

Алдыңғы жазбамда «Samsung Forum 2012» шарасы туралы, ұсынған жаңа өнімдер жайлы толығырақ айтып кеткен болатынмын.

Бұл жазбамды шарада ұсынылған бір өнімге арнаймын. Ол – 5,3 дюймдік  Samsung Galaxy Note смартфоны.


Сыртқы келбеті әдемі, үлкен дисплейі мен жіңішке дизайн бар смартфон жеп-жеңіл. Диагоналі 5,3 дюймге жететін HD Super AMOLED дисплейі әр түрлі түстерді тану арқылы кез келген бейнені айқын көрсетеді. 5,3 дюймдік дисплейдің арқасында мәтін-мақалаларды оқу үшін экранды ұлғайтудың еш қажеті жоқ.

Смартфон арқасында «ұмытып қалу» дегенді білмейтін боламыз. S Planner интеллектуалды күнтізбесіне сіз керекті жазбаларыңызды сақтап, алдағы күннің істерін электрондық форматта жоспарлай аласыз.


S Pen элеткрондық қаламымен сіз жазбаларыңызды жазып қана қоймай, тіпті, сурет сала аласыз. Электрондық қаламмен жазылған кез келген жазба бірден элеткрондық форматқа ауысып, ал салынған сурет галереядан орын табады. Сондай-ақ, кез келген сурет пен бейнеге S Pen арқылы пікір жазуға, атын ауыстыруға болады.


Смс-хабарламалар мен электрондық хаттар артта қалды. Смартфондағы Samsung ChatON сервисы арқылы жақындарыңызбен тілдесіп қана қоймай, жаңа суреттеріңізбен бөлісе аласыз.

Смартфон аккумуляторының сыйымдылғы өте үлкен, соныдқтан да, «өшіп қалады-ау» деп уайымға салынбаңыз.

Форумда Samsung Galaxy Note смартфонымен жұмыс істеу ыңғайлы әрі жеңіл екеніне көзім жетті. Кофе-брейк уақытында суретшілер электрондық қаламмен смарфонға кез келгеннің карикатурасын салып берді. Өз кезегім келгенде суретші алдына мен жайғастым. Карикатурам қолыма тигенде өзімді танымай қалғандай болдым.


Бұл смартфонның бағасы біздің нарықта шамамен 120 000 теңгені құрайды.

Жалпы, «Samsung Forum 2012» шарасы өте қызықты өтті. Ұйымдастырушылардың ерен еңбегі бірден көзге түседі. Ұшақ, қонақүй, ауқат, экскурссия, гала-кеш. Мұның барлығына үлкен күш пен дайындықты талап етеді. Өз басым, ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтамын.

Суреттер үшін өзіме, жазушы-блоггер Рустам Ниязовқа және Samsung компаниясының қызметкерлеріне үлкен рахмет)