Cағыныш...

Cағыныш...
жеке
блог

 Сағынышқа  айналған  адам - бақытты!

 

              Өмір - сағыныш. Сағыныш  та  керек  жұмырбасты  пендеге! Сағына  білуде  бір  ғанибет...  Сағынышқа  айналған  адамым  бар  менің, ол - Айкерім! Өмірде  Айкерімдер  көп-ақ, мен  ұнатқан, мен  сүйген Айкерім - жалғыз!

              Сағыныш  пен  күз  егіз. Адам  баласы  тек  күзде  сағынышқа, сары  уайымға  беріледі.Күзге  айналар  жабықсаң  жасыл  әлем... Күз - сағыныш. Күз - қиял бағы. Күз - өлең. Нағыз  элегиялық  өлеңдер  күзде  туады. Күз - сағыныштың  сазына  айналған  ән. Күз - құстар  әніне  толы  мезгіл.  Күз - жүрек  толғанысы. Күз - жапырақ-ғұмырдың  қиылуы.

              Сағыныш - аңсаған  арман, мазаңды  алған. Сағыныш - сары  әлем. Сағыныш - мұң. Көз  ұшынан  сырғып, мөлтілдеген  лағыл  жас. Жанарымнан  жас  тамып, жүрегім  сағыныштан  езіліп, терезеге  қарап  телміріп, әлдебіреуді  күтем...

             Айкерім  деген  аруды  өмірімде  үш-ақ  рет  көрдім. Алғашында  Алматының  Гоголь  көшесіндегі ҚазМемҚызПУ . Екінші  рет  Ұлттық  кітапхананың  оқу  залында. Үшінші  рет  Алматы-1 теміржол  вокзалында. Бар  болғаны  осы! Жүрек  деген  осыдан  кейін  жаралы. Көз  сүріндірер  небір  сылқымдарды  кездестірдім. Бірақ, ешқайсысы  Айкерімдей  бола  алмады! Ең  сорақысы, ең  өкініштісі - осы. Әр  күнімде  қиялдағы, жүректегі  аруымды  еске  алып, сары  уайымға  беріліп, өлеңменен  тілдесем. Содан  бері Айкерім - жүректің  музасына  айналды.  Айкерім  екеумізді  тағдыр  айырды. Ол  екеуміз  өмірдің  жолайрығында  таныстық. 

            Сонау  2011 жылдың  күзі  еді... Гоголь  көшесі 114 үй. Хор  қыздары  білім  алатын -ҚазМемҚызПУ Күздің соңғы  күні. Көргенім - Айкерім. Содан  бері  мен  үшін  күз - сағыныш! 

Елдос ТОҚТАРБАЙ