Cағындым

Cағындым
жеке
блог

Қанша есейіп кетсемде уақыт өткенсайын анамды,мамамды жиі ойлайтын болып жүрмін.Неге екенін білмеймін, Алматыдан кеткім келіп жүр,қарап тұрсам жетінші сыныптан бері мен өз үйімде емес, осы алып шахар Алматыдамын жұмыс,оқу,ақша табу, сол бір бітпейтін тірлік.Ал мамам мамам болса биыл 55келеді екен аз жас емес ойың толысқандықпа әлде басқа бірдеңе ме білмеймін сағынып жүрмін анамды,мамамды.

Мәгі жарық күн сыйлаған маған 
Бір адам бар ол өзіңсің ана
Мейірімге бір өзіңнен қанам
Жылуды да жүрегіңнен алам 
Ардақты ана аяулы мамам

Суық күнде тоңбадыма деп 
Әлде жолы болмадыма деп
Жалғызсырап қалмадыма деп
Мені ойлап қам жемеші мама 
Саған тартқан менің күлгенім 
Сенің арқаң шалқып жүргенім 
Қасыңдамын әркез біргемін
Мені ойлап қам жемеші мама 
Мені ойлап қам жемеші ана

Сен қуансаң мен бірге қуанам 
Саған ғана сенемін жұбанам 
Аспандағы ай күнімсің маған
Баға жетпес байлығымсың ана
Ардақты анам аяулы мамам.
Мама,ана менің еркелігімді көтеретін тек сіз ғана.