Бізге вайн қажет пе?

Бізге вайн қажет пе?
жеке
блог

Ғаламтор желісінде вайн, яғни небәрі 30 секундқа созылатын видеолар бұрқасын жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтардай қаптап кетті. Негізгі мақсаты-өмірдің келеңсіз тұстарын мысқыл, келемеж арқылы жеткізудің бір жолы. Қысқа да нұсқа. Рекреативті бағытты ұстанады.

 Ал, сол вайн жайлы біз не білеміз? Вайн арнайы  «Vine» бағдарламасы арқылы өңделеді. Алғашында  ол небәрі 6 секундтық видеоларға арналды .Сондықтан болар оны Инстаграм  желісіне ұқсатқан. Интернет блогерлердің пікірінше твиттердің жазба жазу сыйымдылығы тек 140 белгішелер мен қаріптер болатын болса, вайнға да қойылатын талап шектеулі 30-ақ секунд.  Осы тұста Вайн жобасы Твиттердің қосымшасы ғана екендігін бірі білсе бірі білмейді. Жоба Твиттердің старт-ап  қадамы ретінде 2012 жылдың қазан айында сатып алынған.  Ал, жобаның дайын нұсқасы 2013 жылы жарыққа шығады. Содан кейін ол кең танымалдылыққа ие болады. Бүгін де вайн түсірушілердің саны  артуда. Олардың қысқа метражды видеоларының сюжеті бір көргеннен-ақ есте сақталады. Дегенмен әр нәрсенің пайдасымен қатар көлеңкелі тұстары да бірге жүреді. Мамандардың айтуынша, мұндай вайндар адамды сабырсыздыққа душар етеді. Ал, кейбір вайндардағы өрескел, дөрекі сөздер эстетикалық талғамды төмендетеді.  Мысалы, Ресейлік тележүргізуші, журналист Александр Гордонның «Мужское/ Женское » авторлық бағдарламасының (18.11.2016) түсіріліміндегі өзінің пікірінше: «Вайн түсірушілер қоғамдық сананы улайды. Олар халыққа не беремін деп емес, жазылушыларым көп болса екен дегенді алға тартады. Сонда қаншама жылдар бойы еңбек еткен еліміздің көнекөз актер, актрисалары, қоғамдық қайраткерлерінің жанында вайнерлердің беделі жоғары ма? Қазіргі жастар қоғамдық ортада мұндай даңқты кісілерді емес, вайн түсірушілерді бірінші таниды. Мен мұндай еңбекті мойындамаймын» деген болатын. Міне,біздің қоғамға да осы сөздерге құлақ түру қажет сияқты....