Сәлем достар!Сіздермен,бүгін өткен қызықты кездесу жайлы сыр бөліссем деп едім. Біздің Қазақ Ұлттық Университетіміз күнделікті қызықты кездесулер өткізуден еш жалыққан емес.Оған дәлел, бүгін 1 қараша күні университеттің журналистика факультетінің ұйымдастыруымен ұстаздар және студенттер мектеп қабырғаларындағы жас түлектермен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – болашақ талапкерлерді университет өмірімен таныстыру. Журналистика факультетінің тарихынан сыр шерту.Жалпы журналистика мамандығының талаптарынан хабардар ету. Гүлмира Сұлтанбаеваның ұйымдастыруымен өткен бұл кездесу шарасы біз үшін де маңызды болды. Келген түлектердің көздерінен ерекше талпыныс пен білімге деген құштарлық байқалды. Өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауап алып қанағаттанды. Сұрақ қойған балаларға арнайы журналистика факультетінің және университетіміздің белгісі бар түрлі кішігірім сыйлықтар табыс етілді, және жақында жас журналистерге арналған байқау жарияланғанын, жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар бар екенін , сонымен қатар шығармашылық кезеңдерде көмегі болатын жеңілдіктерден де хабардар етті. Кездесуден кейін оқушылар факультет ішіне саяхат жасады.Теле және радиокешендермен танысып қайтты. Бізде оларға сынақтан сүрінбей өтулеріне тілектестік білдіріп, алға қойған армандарының орындалуын тілейтінімізді айтып шығарып салдық. Университет қабырғасындағы осындай қызықты кездесулердің куәсі болып журе берейік, достар!