«Біздің заманымыздан кейін» фильмін көрмеуге бес себеп
IMAX кинотеатрының 400 адамдық аудиториясымен бірігіп отырып фильм көру дегеніңіз сұмдық екен енді, қайтем, басқаша жеткізе алмаймын. Әсіресе алды-артыңнан, оң-солыңнан бірде баяу, ал бірде дүниені төңкеріп кетер зор дауыс жүрегі нашарлардың обалына қалатындай.
Сонымен, Уилл Смит пен оның баласы Джейден Смитт қызықты бір планетааралық қызметке шығады. «Урса» атты құбыжықты бізге белгісіз, оларға белгілі бір нысанға жеткізу керек. Жол ортада кеме істен шығып амалсыздан Жерге қонады. Сондағы қызықтар мен шыжықтар Китай (Джейден Смитт) есімді басты кейіпкеріміздің басынан өтеді. Қысқасы осылай. Ол құбыжықпен емес, өзінің қорқынышымен алысады.
Түсініксіз болған жайлар:
1) Бала кезде психикалық жарақат алған Китай Жер планетасының бар екенін, мыңдаған жыл бұрын адамзаттың сол жерде жаралып, экологиялық катастрофадан кетіп қалғандығын білмейді.
Ұшақтың істен шығуынан АМАЛСЫЗДАН жер планетасына қонуға мәжбүр болады. Галактикалардың арасындағы сан мың жұлдыздар мен планеталардың арасында ең жақын болғаны жер екен.
2) Басты кейіпкердің аты неге Китай? Роберт, Ник, Стив, Боб болса ойланбас едік, мына аттың қалай шыққанына қызығушылығымыз фильмнің ең болмағанда титрында да жазылмады. (Ал мен күттім)
3) Фильм анимациясы – тым контраст қосылған шатқал болған. Немесе тіпті де компьютерлік графика. Тіпті 80-ші жылдардағы «Звездные войны» фильмінің графикасы әдемірек пе деп ойладық.
4) «Ван Даммның қиялы» деген теория мұнда да бар. Жеңіліп жатып бір қайғылы дүние ойына келе қалған соң ол өзінің қорқынышын басады. Китай да дәл солай.
5) Қазір ғылымда адам санасы мен миына қатысты көптеген керемет әрі қызықты зерттеулер жасалып жатыр. Ал фильмде тереңдей бір айта кететін, немесе соны көрсете кететін жері болсайшы...
Адамзаттың ендігі ғылымның жаңа бір кезеңіне өтуі, адам санасының қатпарларын зерттеу нәтижесі, процесі осы фильмде көрінгендей. Қалай болғанда да шытырман оқиға таппайсыз. Сюжет әлсіз. Негізі сіздерге бұл фильмді көріп шығуғы кеңес беремін, сонда ғана байқарсыздар. Әйтпесе біз айта береміз ғой )))