Біздің заманнан кейін...

Біздің заманнан кейін...
жеке
блог

Біз өмір сүрмеген заман да, егер де жерде адам сүрмесе не болады деп ойланып көріп пе едіңіз? Ал мен бұл жайлы көп ойлап, тіпті небір документальный кинолар көріп біраз елестеткен ем. Ал сіз, жер адам өмір сүруге ең жарамайтын жер болып қалуы мүмкін деп ойладыңыз ба? Жоқ, мен де мұны ойламадым. Ойламадым. "Біздің заманымыздан кейін" фильмін көріп осы сұрақ ойландырды... Ол жайында кейінірек.


Ал қазір әңгіме фильм жайында... Жерде адамдар өмір сүре алмайтын жағдайға жеткесін адамның бәрі басқа әлемге көшіріледі. Бірақ, басқа жерде ешкімді ешкім қол жайып күтіп отырмайды. Ол әлемде адам жегіш урса деген жалмауыз адамдары қыра бастайды. Әр нәрсенің өз әлсіз тұсы болатындай урсаның да әлсіз тұсы- көрмейтіндігі. Қуанбаңыз, бірақ ол адамның қорқынышы арқылы адамды тез тауып алатын қасиетке ие... Қорқыныштарынтарын жеңген адам ғана бұл заман да өмір сүре алады. Қорқынышын жеңе білген адамдардан топ құрылып, адамзатты қорғауға шығады. Осы топтың басшысының ұлының ең үлкен қорқынышы да урса еді...

Баласы екеуінің корабльдері жерге құлап, жерден екеуіне аман қайту миссиясы тұрады. Әкесі жараланып, көмек шақыратын құралды тауып акелу баласына тапсырылады. Ал баласы жер әлемімен мүлдем таныс емес... Не болмақ???


Жер демекші, жерде адам болмағасын мүлдем басқа боп кеткен. Тіпті таңқаласың, не бәрі адамзатқа қарсы ма??? Барлық аңдар көбейіп, нағыз аң боп кеткен бе???

Мен сияқты фантастиканы ұнататын адамдарға фильм үлкен әсер қалдыратынына өте сенімдімін. Себебі өзің көріп жүрген әлем өзгерісі мен дамыған технологияның жетістіктері сені таңқалдырмай қоймайды. Өзінің бір жеке әлеміне шақыра біледі. 

Киноның басты тақырыбы- өз қорқынышың. Адам да қорқыныш жоқ, ол тек сенің ойыңның, иллюзияңның жемісі ғана. Қорқынышыңды жеңіп болашаққа тік қарап саған сенген адамдардың сенімін сезіне алсаң қорқыныштың күл паршасы шығады... 

Уйлл Смит пен ұлы филмдегі рөлдерін жақсы алып шыға алған. Әкелік пен жұмыстық қарым-қатынас арасын жақсы көрсете білген. Қорқыныш, сенім, мейірім бәрін бере білген. Екеуіне де жақсы деген баға бере алам. Жалпы киноға бағам 5/4. 

Айтпақшы, Аймакс (imax) залдарынан көріңіздер, әсері керемет. Басқа күнделікті кинотеатрларға барғым келмей қалды :)