Біздің ұстазымыз - өмір!

Өсімдіктанушылардан: "Алма ағашында өсіп тұрған жүздеген жапырақтардың ішінде  бірінен - бірі айнымайтын жапырақ болуы мүмкін бе?" - деген сұрақ қойсаңыз, "Жоқ" - деп жауап қайтарады. Себебі: әрбір жапырақтың өз ерекшелігі бар. Адамда сол сияқты. Әрбір адам қайталанбас тұлға. Әлемде қанша адам болса, сонша даралық, сонша тағдыр бар деген сөз. Әрбір адам өмірді әрқалай түсінеді. Біз бұл өмірде уақытша ғана жүрміз. Ал өмірдің сыры неде?

 

Австралиялық психолог Эндрью Метьюз: " Біздің ұстазымыз - өмір. Тұңғиыққа түскен кезде ғана қазынаға қол жеткізе аламыз. Сіз шалынған жерде сіздің қоймаңыз көмілген. Сіз кіруге қорыққан жерде сіз іздеген нәрсе жасырулы" - деп жазған  "Жеңіл өмір сүр" атты туындысында. Осы сөздердің мағынасына үңіліп, саралап көрелік.

Біздің ұстазымыз - өмір! Өмір бізге күніге сабақ береді. Кейде сол сабақтарға мән бермей жатамыз. Ал басымызға ауыртпалық түскенде бет пердемізді шешеміз. Кез - келген жағдай бізге жақсырақ болуға көмектеседі. Кез - келген ауыртпалықтың мәнісін тауып көріңіз, сонда өміріңізде мәнді болмақ!

Тұңғиыққа түскен кезде ғана қазынаға қол жеткізе аламыз.  Тез арада табысқа қол жеткізудің, арты түңілуге алып келеді. Әр нәрсенің өз уақыты бар. Мысалыға: Астық заңы. Астық заңы  былай тұжырымдалады: "Өнім сіздің еңбегіңіздің жемісі" , " Сіз бүгін егін егесіз, ал өнімді сосын жинайсыз". Уақытыңызды дұрыс басқара біліңіз. Уақытты басқару - өмірді басқару. Уақытты дұрыс бағдарлау мен сабырлылық қазынаға барар жол!

Сіз шалынған жерде сіздің қоймаңыз көмілген. Томас Карлейль: "Ең үлкен қате - ешқашан қателеспеймін деп ойлау". Әрине қателіксіз адам болмайды. Қателік - өміріңізді өзгертуге арналған құрал десекте болады. Үлкен кеменің батуына кішкентай тесік себеп бола алады. Қателік арқылы сіз қоймаңыздың бетін аша аласыз!

Сіз кіруге қорыққан жерде сіз іздеген нәрсе жасырулы. Кішкене бастамасыз үлкен нәтижеге жету мүмкін емес!Тек қана нақты қадам жасай біліңіз!

Адамға материалдық азықтан гөрі рухани азық көбірек қажет. Бұл блог сізге азық болуы немесе болмауы тікелей өзіңізге байланысты. Тек өзіңізге сеніңіз!!



Бөлісу: