Біздің центр- Саяхат

"Саяхат" деп айтқан кезде, көбіңізге ешқандай ой салмайтын шығар...  Бірақ біздер Алматы облысының Райымбек ауданының тумалары үшін "саяхат" автовокзалы екінші ауылымыз, екінші үйіміз еді... 

Алматы деген үлкен әсем қалаға есік біз үшін осы саяхаттан ашылатын. Саяхатқа келгенше алматыға жеттік деп санамайтынбыз, ауылға қайтарда бейне бір ішіңде керемет толқыныстармен саяхатқа бет алушы едік....

Студент кезімнің 1-2 курс оқып жүргенде, ауылдан хат, посылка келеді. Тойға дайындалғандай сәнденіп киініп алып, майысып саяхатқа келе қаламыз. Мөлдіреп жан-жағымызға қарап тұрамыз, бейне ауылыңа келгендей әсер аласың ғой ))). Барлық ауылдың жігіттері осы жерде.... Оларға саяхат күнделікті келіп кететін орын. Ал, келіп ауылда сөйлей алмайтын жігіттер бетіңнен сүйіп, өздерінше қыр түзеп жігіт боп қалады. Сенде енді ақырын қарап қоясың, ауылда менсінбеген жігіттер көрікті жігіт боп қалған)))). 

Ол кезде сотка жоқ, кластастардың тең жартысын көріп мәре-сәре боп қаламыз. Ал келіп кездесу ұйымдастыратын боламыз. Үйдің телефондарын жазып алып, мен анаған айта алам, мен мынаған айта алам деп тізіп аламыз. Содан кездесетін орын белгілейміз))). Сол, кездесетін орынмыз баяғы Саяхат. Саяхаттың қасында сағат болатын бұрын дәу. Соның түбі кездесу орын болатын))).

Ол сағаттың маңында біз ғана емес, менің әкемдер, аталарымыз жас кездерінде сол сағаттың түбінде кездескен екен.... Сағат қандай түске боялмаған десеңші... 

 Мына суретте атамдардың кезіндегі суреті. Сурет мыннан алынды. 

Кейін, 3-4 курсқа барғанда, ауылдан хат келеді дегенде саяхатқа барғың келмейді ғой)))). Уже бәрін көру жалықтырады. Бұрынғыдай, ауылдан біреуді көрсең қуанбайсың, ақырын көрмеген болып өтіп кететін ек...)))))

Бүгінде, саяхатымыздың аты бар да заты жоқ (((. Ауылға да бұрынғыдай пазиктерге таласып мініп, көңілді әндер айтып ауылға да бармаймыз... 



Бөлісу: