Біздің тарих

Біздің тарих
жеке
блог

Біздің тарих қандай тарих? Ақиқаты қайсы?Жалғаны қайсы?Бітпейтін сұрақтар,сансыз жауаптар. Кез-келген қазақты көшеде тоқтатып қойып,аталарын кім болған деп сұрасаңыз,ол сізге батыр болған немесе би болған деп жауап береді. Ол туралы шындыққа жанасатыны бар, жанаспайтыны бар. Бізге ағай-апайларымыз айтады: Тарих эмоциямен айтылатын зат емес деп. Дұрыс сөз. Бірақ-бірақ біздің тарихта ең күрделі нәрсе, ол жазба деректердің аздығы. Жазба деректер жоқ емес бар, бірақ ол шетелдегі архивтерде. Оны қолға алудың өзі үлкен шаруа. Шындығына келгенде біз секілді студенттердің бұған мүмкіндігі жоқ. Бәленің бәрі экономикадан басталады демекші, мәселенің бәрі ақшаға тіреледі. Айтпағым негізі бұл емес еді.Айтпағым бұрынғы қазақтардың архиві болмағандығы еді. Бұрынғы қазақтарда архив қайдан болсын, өмір-бақи әркімдермен соғысса. Әй бірақ қазақтардың архивке бергісіз дүниесі бар.Ол оның ауыз әдебиеті, оның музыкасы , оның өнері. Қазақтың тарихы оның , аңыз-әңгімелерінде, ән-күйлерінде жатыр. Осы асыл құндылықтарымызды , сақтай білсек бізде өзге жұрттардан кем болмас едік.