Біздің сөздер немесе сіз қалай сөйлейсіз?
жеке
блог
блог
Өзiмiз Батыс өңiрiнiң адамдары болғандықтан,"баршиш,келшиш" деген сөздер бiзге үйреншiктi,ал бұл сөздердi Оңтүстiкте айтсаң,олар бұйрық есебiнде көрiп реңжiп те алады.
Сонымен қатар "апа,тәте" сөздерi де әртүрлi қолданылады екен.Батыста "тәте" сөзi ер адамға айтылса,Оңтүстiкте әйел адамға айтылса керек.Оңтүстiкте дүкенге барып "Апа,мынаны бере қойыңызшы" десек,сатушы реңжiп те қалуы мүмкiн,өйткенi оңтүстiкте "апа" сөзi үлкен адамға,әжеге айтылады екен,ал батыста "әпке" сөзiн бiлдiредi.Мысалы өзiмнiң де 7 жасар iнiм бар оның маған "апа" деуi батыстықтар үшiн тосын жайт емес.
Өзiмiздiң Батыста да төрт облыстың өзiне тән сөздерi бар.Мысалы,бесбармақтағы нанды Ақтөбе жақта "еттiң наны" десе,Атырау,Оралдың кей аудандарында "iңкәл" дейдi екен.
Қарапайым киiм жуатын "тазикты" алатын болсақ,Орал,Атырауда "шылапшын" десе,Маңғыстауда "самар" дейдi.
"Не хабар?" сөзiн естiсеңiз,сөйлеп жатқан адамның Маңғыстаудiкi екенiн бiрден аңғаруға болады.
Сонымен қатар үйдiң қабырғасын батыста "жар" дейдi.
"Жарымсың ба?" сөзiн естiп қалып сiздi қабырғаға теңеп тұр деп ойлап қалмаңыз.Орал,Атырау облыстарында "жарым" сөзi "жынды" мағынасында қолданылады(сонымен қатар "кем" сөзi де бұлардың синонимi)
"Жастық" сөзiн "көпшiк","орындықты"-"отырғыш" деймiз.
"Не зат,дзәт?" сөздерiн естiсеңiз де сөйлеушiнiң батыстан екенiн бiрден байқайсыз.
Өзiм ақтөбелiкпiн,кейде сөйлеп жатып "үйге шаққа жеттiм" деп те қаламын,бiз жақта "шаққа" сөзi "әрең" дегендi бiлдiредi.
Ақшаны майдалауды Маңғыстауда "1000 теңгенi уақтайсың ба?" десе,Ақтөбе жақта "1000 теңгенi айырасың ба?" дейдi.
"Үлгермей жатырмын" дегендi Маңғыстауда "жетiспей жатырмын" дейдi екен.
Сонымен қатар "әшейiн" сөзi батыста "дәм болсын" делiнедi.
"Үйiңнiң қасында тұрмын" дегендi Оралда көп түсiне бермейдi екен(Маңғыстаулық достарымның айтуы бойынша),оларда "үйiңнiң жанында тұрмын" деп айтады.
"Адамның түрi" деп Ақтөбе,Маңғыстауларда айтсақ,Орал жақта "ұсқын" деп сөйлейдi.Және де оралдықтар сөздерiн "Ә" әрпiмен айтады(жаман-жәмән,құлақ-құләқ)
Бiрде ВКонтакте желiсiнде отырып "Atyrau True Stories" парақшасында мына жазбаға көзiм түстi:"Өзiмiз батыстың балдарымыз.Алматыда оқимыз.Бiрде бiр бала сабақтан ауырып сұранып кетiптi.Ағай топбасшысын тұрғызып "Бәленше-түгенше қайда?" дегенде қыз,алматылық болса керек,"ағай,ол ауырып қайтты" дептi.Оған бiз күлiп "қайыр болсын" десек,шығыстың балдары "кiмнiң туған күнi?қайыр болсын деп жатсыздар ғо" дептi.Батыста "қайыр(лы) болсын" деп кiсi о дүниелiк болғанда айтса,Шығыста "құтты болсын" мағынасында айтылады екен.
Осы сөздердiң барлығын Оралға кеп бiлiп жатырмын(университетiмiзде әр өңiрдiң адамдары бар болғандықтан)Бастапқыда өзiмiздiң батыста осыншалықты көп диалектiлер бар екенiн бiлгенiмде абдырап та қалғанмын.Дегенмен сыртта жүрiп,көптеген сөздердi естiп,өзiмнiң Атырау,Маңғыстаулықтардың сөздерiн айтып қалатыным да құпия емес.
Сiзге сұрақ:"Сiз қай өңiрденсiз және сiз жақта қандай диалектiлер қолданылады?"