Біздің салт-дәстүр!

   Біздің еліміздің әр қаласының, әр аймақтың өз дәсүрлері мен диалектісі болады емес пе? Батыс, ОҚО-ның салттарының ұқсастығын байқадым. Иә, иә, сәлем салу дәстүрін меңзеп тұрмын. Жалпы, біз сәлем салуды көрген емеспіз, үйренген де емеспіз ғой. Орталықтың дәстүрін айтамын да... Кейде Атырау немесе Шымкенттің адамдарымен осы тақырыпта әңгіме айтқан кезде, бізді тіпті беташарда сәлем салмайды деп ойлайды екен. Жоқ, біз де сәлем саламыз, бірақ беташарда ғана. Ал келін болып түскен соң, әрине басымызға орамал тағамыз, ал сәлем салу дегенді біз жақта үлкен кісілердің өздері біле бермейді... Сәлем салу өте әдемі деп естіп жатырмын. Біз көзбен көрмеген соң, ол сәлемді қалай және қай уақытта салу керек екенін білмейміз. Ата-енемен амандасқанда, кәдімгі өз әке-шешеңмен амандасқандай беттерінен сүйіп, құшағымызға аламыз. Кейбіреулер бізді "сәлем салмайды екенсіңдер, демек қазақтың салтын білмейсіңдер" деп айыптайды. Олай емес, мүлдем олай емес!!! Орталықта да қазақтың барлық салт-дәстүрі сақталған. Беташар, шілдехана, тұсау кесу, сүндетке отырғызу тағысын тағылар. Біз салттан жұрдай емеспіз дегім келеді.



Бөлісу: