Біздің өмірімізді виртуалды әлем қалай өзгерте алады?

Біздің өмірімізді виртуалды әлем қалай өзгерте алады?
жеке
блог

Бір минутқа елестетіңізші, алдынызда тұрған кез-келген қашықтықтар сізге ешнәрсе емес болса, барлық тілектеріңіз бір cәтте орындалса, әлемдегі армандаған барлық заттарыңыз бір-екі рет басу арқылы қол жетімді болса не істер едіңіз? Көпшілігіңізге ең бірінші келген ой - бұл мүмкін емес.Бірақ технология заманында бұл айтылған заттар орындалу үшін тек виртуалды әлем керек.  Виртуалды әлем дегеніміз адамға шын сезім бере алатын техникалық құралдардан жасалған әлем.

Кәзіргі уақытта бұл салада көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Оның ішінде ең танымалысы Палмер Лаки ашқан Oculus VR компаниясы. Бұл компания 2012 жылы тамыз айында Kickstarter сайты арқылы бір-екі сағатта 250 000 доллар тапса, 2014 жылының наурызында гигант Facebook Oculus VR-ды 2 миллиард долларға сатып алады.Компания негізін салушысы 21 жастағы Палмер Лаки осы уақытта ең бай адамдардың қатарына жатады.oculusoculus

Виртуал әлем технологиясын әр-түрлі бағыттарға қолдануға болады. Оның ішінде ең перспективті көрінетіндері симуляторлар және медицина саласы.

Виртуалды симуляторлар ұшқыштар мен АЭС операторларын оқыту мен дайындауға үлкен көмек бере алады. Себебі, бұл жұмыстарда қатерлі жағдайға түсуге үлкен тәуекел бар. Мысалы, Бүкіл денеге арналған ұшу симуляторы "Birdly". Бұл жабдық арқылы өзінді аспандағы құс тәрізді елестете аласын.

Birdly симуляторы

Медицина саласында да виртуалды әлем технологиясын  көптеген жағдайларда қолдануға болады. Оның ішінде фобия, оңалту, ауыру сезімін жеңілдету және басқа да қабылдау және есте сақтау қабілетке қатысты қиындықтарды емдеу үшін қолданылады.Мысалы, SpiderWorld ойыны арахнофобия ауруын емдеуде пайдаланады. 

Spiderworld
Қортындылап айтқанда, әр жыл сайын виртуалды өмірдің және біздің күнделікті өміріміздің айырмашылығы азаюда. Сол себепті болашақта виртуалды және шынайы өмірдегі айымашылықты таппай қалуымыз мүмкін.