Біздің күн
блог
Биыл журналистер күні керемет өтті. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні дегенім дұрысырақ болар. Не керек, осы жылы ол мереке кәдімгі мейрам болды. Себебі… Яғни себебі бар. Сол қуаныш әрі мақтанарлық жағдаймен осы жазбаны жазып отырмын.
Журналистер арасында өткен байқауға биыл қатысқан едім. Облыстық байқау болатын. Көрейінші не болса да, жеңсем жеңдім, жеңбесем жарар дегендей көңіл-күймен жіберндім. Сонымен ол байқауды жеңіп, облыс әкімі сыйақысын алдым. Қатты қуандым, бір жағын қаражаты болса, екінші жағынан еңбегімнің еленгеніне риза болдым. Облыстың “сен тұр, мен атайын” деген 14 журналистің арасынан табылу мен үшін ерекше қуаныш болдым. Енді сол кездегі фотосуреттерге кезек берсем…
Облыс әкімі Нұралы Сәдуқасов марапаттау сәті
Марапаттаудан кейін мен