Біздің көше
Ең далам – анам, мен - балаң деп ақын атамыз жырлағандай, менің ең далам, тұғырым - Қазақ елі.
Туған өлкемнің тұнып тұрған әсем көрінісі бойыма еріксіз мақтаныш сезімін құйады. Тау етегіндегі қуыстарды қуалай өскен бұталы орманы, тау суын сарқырата кең далаға алып қашқан өзендері, дән теңізіне шалынған жазық даласы, төрт түлікмалға төсін ашқан құтты жайлау қырлары, көк жасыл желекке бөленген ауыл үйлері, зәулім ғимаратты үлкен, көрікті қалалары бойыңа еріксіз күш, қайрат, еліме деген махббат сезіміне бөлейді.
Қасиетті, туған жер! Бойымдағы бар жақсы қасиеттерімүшін мен саған қарыздармын, қажырлық пен қайсарлықты, құзды шыңды тауың мен асау желің үйретсе, жомарттық пен ақ пейіндікті мына жатқан жеміс талы сай-самаңнан үйрендім. Шыдамдылық пен байсалдықты шетсіз де шексіз далаңнан үйрендім.
Менің көшем Өтеген батыр көшесі-Алматы қаласы Әуезов ауданындағы көше. Райымбек даңғылынан басталып, Шаляпин көшесіне дейінгі аралықта созылып жатыр. Төле би, Жұбанов, Қуанышбаев көшелерін қиып өтеді. Көшенін ұзындығы-2500 метр.
Өтеғұлұлы Өтеген (1699- 1773) – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі – Ұлы жүз Дулат тайпасының Жаныс руынан. Өтегеннің ата-бабалары да есімдері елге танылған батырлар болған. Бабасы Сырымбет қазақ ханы Салқам Жәңгірдің Самарқан әмірі Жалаңтөспен бірігіп, жоңғардың 50 мың әскерін талқандайтын әйгілі шайқасына қатысқан батыр болған. Өз әкесі Өтеғұл да талай қанды жорықты бастан кешкен батыр адам болған. Шешесі Нұрбала атақты Қордай батырдың немересі екен. Осындай тектілерден жаралған Өтеген де 15 жасында-ақ есімі елге танылып, батыр атанады. Батыр әуелі Іле өзенінің бойына (қазіргі Қапшағай су қоймасының табаны) жерленген. Кейін оның сүйегін ұрпақтары Қордай ауданына апарып, қайта жерлеген. Жерленген жері Өтеген ауылы деп аталады. Алматы облысындағы бірсыпыра жер батыр есімімен аталады.
1999 жылы Өтеген батырдың 300 жылдығы кең көлемде аталып өтті. Соған орай қабірінің басына кесене тұрғызылып, Жамбыл облысы Қордай ауданының орталығында ескерткіш орнатылды. Батыр туралы екі телефильм түсіріліп, екі кітап жарық көрді. Алматы қаласының бір көшесіне, Іле ауданының орталығы Энергетический кентіне Өтеген батыр есімі берілді.Мен осындай батырдың көшесінде тұратыныма өте қуаныштымын. Осындай, ата-бабаларымыздың атындағы көшелер ел есінде мәңгі сақталып өскен ұрпаққа өнеге болсын.