Қазіргі қоғамға ізгі, жақсы қасиеттер, адамгершілік, мәдениеттілік, имандылық жетіспейтін секілді. Себебі адамдар күннен-күнге өзгеруде. Көптеген адамдар орысша айтқанда "эгоист", яғни өзімшіл адамдарға айналып бара жатыр.
Қазіргі қоғамда ұрлық-қарлық, зорлық-зомбылық, кісі өлімі, адамдардың мәдениетсіздігі көптеп кездеседі. Адамдар бір-біріне сыйластық, құрмет көрсетудің орнына, бір-бірінің көңіліне қаяу түсіруде.
Қалай ойлайсыз осындай қоғамда өмір сүру адамзат баласы үшін қаншалықты қауіпті? Жалпы менің ойымша өте қауіпті. Себебі біздің мәдени және рухани құндылықтарымыз өміріміздің мәнді де сәнді өтуіне негізгі себепші дүние емес пе ?
Адамзатқа тән қасиеттерімізден айырылсақ, біздің жануардан қандай айырмашылығымыз болмақ? Нәтижесінде біз қатыгез адамға айналып кетеміз. Ал оның алдын алу үшін біз ең алдымен өзімізден бастауымыз қажет. Бірінші өзімізді дұрыстап алмай, біз басқа адамдарға ақыл айтып, кеңес бере алмаймыз.
Дәл қазіргі уақытта қоғамдағы адами құндылықтардың жетіспеушілігі-өте өзекті мәселе. Бұл мәсәле бойынша елімізде көптеген түсіндірмелік жұмыстар жүргізілуде.
Атап айтар болсақ, волонтерлік іс-шаралар, қайырымдылық акциялары, мәдени және рухани жиналыстар және т.б.
Бұл іс-шаралардың барлығының басты мақсаты не ? Міне, бүгінгі қоғамдағы кең етек жайған мәдени, рухани жетіспеушілікті жою, адамдардағы жағымды қасиеттерді ояту, өзекті мәселенің шешімін табу.
Осы орайда мен "Харекет" атты қайырымдылық қоры жайлы сөз қозғағым келіп отыр. Бұл қор қаншама жылдар бойы халыққа адал түрде қызмет етіп келеді. Яғни көпшілікті қайырымдылық жасауға шақыруда.
Қайырымдылық қоры мүмкіндігі шектеулі адамдарға, қиын жағдайға тап болған отбасыларға барынша көмек көрсетіп, баспана сыйлайды. Қордың ерекшелігі неде? Бұл қайырымдылық акциясына біз де өз үлесімізді қосып, қиын жағдайға тап болған адамдардың баспаналы болуына себепші бола аламыз.
"Харекет" және тағы сол сияқты қорлардың болуы-халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына өз септігін тигізеді. Оған қоса, адамдардың жүректерінде иман отын ұялатып, ізгі қасиеттердің оянуына жол береді.
Қорытындылай келе, еліміздегі, жалпы қоғамдағы әрбір мәселе біздің болашағымызға тікелей байланысты екенін ұмытпайық!
Дәл осы мәселеге бей-жай қарамайық!
Мен жалпы адамзатты осы жетіспеушілікпен күресуге шақырамын. Естеріңізде болсын, жарқын болашақта өмір сүру үшін, дәл қазір еңбек етуіміз, әрекет етуіміз маңызды.