Біздің жаңа жыл

Біздің жаңа жыл
жеке
блог

Бала кезімізде жаңа жылды қатты күтетінбіз. Тіпті қаңтарда келесі жаңа жылға дейінгі күндерді санай  бастаушы едік. Білесіздер ме не үшін? Себебі тек жаңа жылда «Один дома» фильмын көрсететін. Сол кино біз үшін ең керемет туынды еді. Кевин біздің сүйікті актеріміз болды. 


Сосын міндетті түрде «Операция Ы», « С легким паром. Ирония судьбы», Шуриктің оқиғалары... Кілең шет елдің кинолары. Еее, айтпақшы «Тамаша» болатын. Тамаша, тамаша, тамааааша деген әуен құлағыма келді бірден. Ол кезде ел тамаша десе құлағы елең ететін еді. Қазір тамашаның мәні, сәні кеткен тәрізді.

Бар арманымыз салют ату еді. Бәріміз бір бір отшашуды ұстап алатынбыз. Жүрегіміз лүпілдеп. Бейне бір галактикаға ракета ұшыратындай қобалжып. Ондағы отшашулар 10-15 рет «пық-пық» етіп атылушы еді ғой Cry. Соның өзі бір бақыт.

Жаңа-жылдық  кештен алған сыйлығымыз ше? Нобель сыйлығына қолымыз жеткендей шаттанатын едім өз басым. Оны айтудың қажеті де жоқ шығар. Ішінде пикник деген пішінәй, тик-так деген кәмпиттер,  петушок деген сорғыш мәмпәзи, кейде әлдеғандай қылып  «милкуей»-ді де салатын еді.

Жаңа жыл жақындағанын асқазанымызды улап жатқан «сүйікті» сусынымыз кока-коланың жарнамасы теледидарға қайта шыққан  кезден сезіне бастаймыз. «Праздник к нам приходит» деп әуендетіп, камаз-камаз  «уды» әкеле жатады. Оны өткенде ғаламтордан «язва к нам приходит» деп жазылғанын көріп, рас-ау деп қалдым.

Сосын жаңа жылдық кімімізді аналарымыз тігіп беретін еді ғой. Ол кезде оңай еді. Үйдегі  жаман киімді қырқып, кесіп мыстан кемпір, картоннан шляпа жасап мушкитер, басыңа сым темірден корона жасап, жылтыр дождикпен айналдыра салсаң королева бола салатынбыз.  Картоннан  көзімізге маска жасап, оған клей төгіп, шыршаның әйнек ойыншығын ұсақтап соған себуші едік. Нағыз экстримал екенбіз. Көзімізге шиша түссе де қаймықпаған. Қазіргі балалар сияқты арнайы киім сатып алмаушы едік. Ол кездегі аяз аталар да аяз атаға «онша» ұқсамаушы еді! Cry

Қайран балалық шағымның естеліктері. Саған ешқашаноралмайтынымды ойласам қатты қамығамын. Сағындым сені, алаңсыз, қамсыз балалық, тәтті сәттерім!!!