Біздің қоғамдық көліктерде жүру өздеріңіз байқап жүргендей, қиындау болып кетті. Жұмысқа қанша уақыт ерте тұратынымызды айтпай-ақ қоялық.
Автобусқа кіргенше әдемі-ақ болып тұрамыз, шыққасын түрімізден өзіміз шошитындай жағдайға жеттік қой иа.
Күнделікті, көлік кептелісімен бірге автобустағы кептелістерде демалу мүмкін емес. Ішінде ұстағыштар көбінде жоқтың қасы. Әсіресе 86 маршруттарда. Кондуктырлар мен күндей айқай. Одан қалса, автобустар отын таситын ағайлар сияқты. Адамдар құлап жатыр ма, басқа болып жатыр ма ойламайды. Қалай болса солай жүргізеді. Бұндай жағдайлар 105 маршрутта жиі кездеседі. Былтыр бір апай 73 маршрутта құлап қабырғасын сындырып алды, даже "скорый" шақырмады да. Тез-тез түсіңіз деп, итеріп түсіріп тастады.
Аялдамаларда ұзақ тұрады, кейде ренжісең "ертерек тұру керек" дейді. Сағат 5 те, 6 ты да тұратын адамдар сонда қаншада тұру керек, жұмысқа кешікпей бару үшін?
Осылай деп жазсаң, кейде елдер айтады таксимен, метромен қатына деп. Кешіріңіздер, мен миллион таппаймын ғой күнделікті таксимен жүретін. Метро менің жұмысыма бармайды (((.
Жол ақысы 80 тг болғанда, сервис жақсарады деп еді. Өзгерген дым байқалмайды. Баяғы жартас сол жартас...