"Біздің әлем"

Бүгін 16.10.2014ж. күні Алматы қаласы, Республика сарайында ғажайып би өнерінің кеші өтті.  Кеш иелері – хареограф, балетмейстер, режиссер Серік Сариевтің басшылығындағы «Жорға» би мектебі.

Қазақ халқының дәстүрлі биімен кеш шымылдығы ашылды. Жалпы, концерт барысында  ұлттық нақыштағы би қойылымдары мен патриоттық әуендер басым болды.

Бишілердің кәсіби деңгейі, тынбай еңбек еткендері бір қараған адамға бірден көрінеді. Дегенмен, көрермен назарын бірден аудартатыны жалтыраған көркем көйлектері. Әр бидің тақырыбына сай. Әрі барлығы да орынды, еш артық-кемі жоқ деуге болады.

Өз басым, мұндай би кешіне алғаш баруым. Сондықтан, алғаш алған әсерім тамаша. Концерт басталғаннан аяқталғанға дейін әр бидің алдында қарасөзбен әдемі ойлар айтылып тұрды.  

Кеште тек бишілер ғана емес, елге танымал Роза Рымбаева, Тамара Асар, Серік Ибрагимов, Алишер Каримов сынды әншілер де қонақ ретінде өнерлерін халыққа көрсетіп, кеш иелерін құттықтап өтті. Сонымен бірге, ерекше ойнау шеберлігімен танымал болып келе жатқан Жадо да биге күйімен әуен қосты.

 

Өнерлі кеш Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның орындауындағы «Қазақ елі» әнімен аяқталды.

         Осылай өнер әлеміне көптеп саяхат жасай берейік. Бұл да біздің еліміз үшін өзіндік бір үлесін қосар мәдени шара.

         Бір жағынан өз көңіліңіз де көтеріліп, шаршағаныңызды басып қайтасыз!!!

 



Бөлісу: