Туған жер! Иә, әркімге өзі туған жері артық. Біреулеріміз ауылда туылсақ, ал енді біреулеріміз қалада. Жоға, менің туған жерім - Байқоңыр шағын қала ғой. Рас, әкімі де орыс, қаладағы негізгі өндіріс күші де, қазақтарды жұмыспен қамтып жатқан да - орыстар. Әрине, гуманитарлық мамандықпен жұмыс табу қиын-ақ. Ал техникалық мамандарға жұмыс дайын-ақ. Мәселен, мен мына Алматыда 4 жыл итім шығып, әрең дегенде бітірдім оқуымды. Ал кластасым Азамат Байқоңырдағы технәрға түсті де, 4 жыл оқып бітіріп, бірден ЦЭНКИ-ге жұмысқа тұрып алды. Бір жағынан, МАИ-дің бешірниіне түсіп те үлгерді. Технәр деген БЭРТТ. Ал БЭРТТ деген қазақшалағанда, Байқоңыр қаласындағы электррадиотехникалық техникум. Бұған көбісі 9 бітіріп түседі. Ыпырагрәміс, іелектірік, деләпрәізбос мамандықтары ғана оқытылады. Мұны бітірген соң немесе бірден 11-ден кейін МАИ-ға түсуге болады. МАИ - Мәскеу авиация институты. Мінеки, осы екі оқу орнын бітіргендер, ЦЭНКИ-ге құжаттарын дайындап, ешбір парасыз орналаса алады. Иә, кейбір адамдар болады бұл екі оқу орнын оқымаған. Бірақ әлгі технәрдің қағазын танысың жақсы болса, сатып алуға да болады. Қазір кластасым Азамат та, ЦЭНКИ-ге орналасқан басқа да таныстарым айына 1000 доллар алып отырады. 30 мың рубльмен Байқоңырда өмір сүруге болады. Шағын қала болғандықтан, транспортқа мінуді аса қатты талап етпейді. Қалада, екінің бірінде ыспутник, ысплитістем, соңғы шыққан заттар, әйтеуір. Себебі, қалада қарызға беретін дүкендер, үйлер өте көп. Жоға, әкем де, шешем де ЦЭНКИ-де жұмыс істемейді. Әкем Альтаирда, 25 жылдай боп қалды, сол жұмысында жалғыз қазақ. Шешем жекеменшік дүкенде. Әкемнің айлығы енді-енді жақсы боп келе жатыр еді көтеріліп, сірә, жұмыс орна ішәсни боп қалды. ЦЭНКИ де қосып ала қоймады. Әйтпесе... Иә, ЦЭНКИ секта сияқты көптеген жұмыс орындарын өзіне қосып алды. Бұрынғы жұмысынан шығып, қазір жұмыссыз отырған қазақтар өкініп отыр. "Эх, анау жұмысымда қала бергенімде ғой, ЦЭНКИ-ге қосылатынын білмедім ғой" деп. ЦЭНКИ-де еден жуушының өзі 80-100 мың арасында айлық алады. Қарапайым күзетшілер 120-дай алады. Бастықтары - орыстар, ақша - Ресейден. Иә, келіспес мүмкін, Московская область, город Байконур дегенге. Тек өзіміздің Қазақстан ішінде ғой Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы. Байқоңырда жұмыссыз жүрген қазақтар да өте көп. Төретам мен Ақай жайында айтпай-ақ қойдым. Иә, бұлай мақтанғаным емес, дегенмен Байқоңырымды осындай болғаны үшін сүймеймін. Кейбіреулер Астананы астана болғандығы үшін сүйіп жүр ғой. Жоқ! Мен Байқоңырымды сонда өмірге келгенімдіктен, сонда өскенімдіктен ғана сүйемін. Иә, жұрт не десе о десін, менің ешқандай кінәм жоқ Байқоңырдың Ресейдің құрамында болғандығына. Туған жерім Ресей құрамында болғанмен, ақиқатында, мен қазақ халқымның құрамындамын. Текті Асандардың ұрпағымын. Шектінің тұқымдары ғой. Кезінде Асандардың территориясы Өзбекстанға дейін болыпты, сол Сыр жағалауымен. Бірақ қазір тек Қазалы жақта ғана отыр, өз өмірлерін сүріп. Бұлар да Кеңес кезінде "астықты неге екі есе қып беруіміз керек?" деп, көтеріліске шығып, барлығы қырылып тынған. Кеңестің ұшақтарына таяқ лақтырған, басқа қару-жарақтары болмаған-ды. Әуедегі ұшақтардың қызыл түстерін көріп, шайтан да шайтан деп таяқ лақытрған екен. Соны бүгін басқалары "аспанға таяқ лақтырған Асан" деп күледі. Иә, Асандардың да мінезі жақсы емес. Бала кезімде шешеммен қонаққа барғанымда, руымды Асан дегенде, "ақұдай!" деді-дағы, "неге ұялшақсың? Асандар мұндай емес қой!" деп сөз етті. Иә, жалпы, адамның өзіне байланысты ғой. Ру мінезіне ұқсаймын деп, актер болудың қажеті қанша? Шүкір, Жаңаберген атам аталарым жайында кішігірім айтып берді. Ол да жетім қалғандықтан, толық біле бермейді. Жоға, руға бөлінгенім емес, бөлінетіндерді де жек көре бермеймін. Саналарына берсін деймін. Бірақ жұртпен танысқанда ру сұрайтыным рас, әлі күнге дейін. Жәрар! Басқа пәдізге кіріп кетіппін.
Мінеки, Байқоңырдың алғашқы суреттері, 1950-1960 жылдар (ресми салынған жылы 1955) болса керек:
Алғашқы қазығы-ау шамасы... Солдаттар ғой әскери қызметін өтеп жүрген
Алғашқы құрылыс жұмыстары
Футбол ойнап жүр ғой, бәтшағарлар! Қай жері екенін білмедім...
Ал мынау 1970-1980 жылдар:
Орталық алаң
"Сатурн" кинотеатры. Қазіргі кезде тек концерттер көрсетіледі.
Пионерлер үйі ғой
"Центральная" қонақ үйі
1990 жылдар:
1991 жыл. "СОЮЗ" монументі.
1992 жыл. Орталық алаң. Анау тұрған офицерлер үйі. Соның дәл алдында Ленин атамыздың ескерткіші.
Мен өскен район:
Әкімшілік
Жоғары жағында оң жақта бұрышта орналасқан үй №32. Ал менікі №30. Королев даңғылы.
Кішкентай базар жақ. Әне, ысбүтніктер. Қазір бұдан да көп.
Қала табиғаты осындай, жалпы. Бұлттарды көрмейсің бе!? Бұл да менің районымдағы.