БІЗДЕ БІР-АҚ ОТАН БАР, ОНЫҢ АТЫ – ӘЛЕМ
блог
БІЗДЕ БІР-АҚ ОТАН БАР, ОНЫҢ АТЫ – ӘЛЕМ
Бала күніңізде сізден:
- Әлемдегі ең жақсы адамдар кім?-деген сұрақтар қояды. Сіз:
- Білмеймін,-деп жауап бересіз.
- Әкең мен шешең,- деген жауап аласыз.
- Әлемдегі ең жақсы мемлекет қайсы?-десе:
- Білмеймін,-дейсіз.
- Ол біздің мемлекет,-деген жауапты тағы аласыз.
©Жак Фреско
Бала о баста туылғаннан ес біліп жетілген шағында біз оларға ертегі айтып, саналарын сол деңгейде қалыптастырамыз. Бірақ біз олардың сол кезде кез келген саланы меңгеріп, сол жайында ақпарат алуға қауқарлы екендігін ұмытып кетеміз. Ең басты қателік осы. Біз адамдарды соғыс болған жағдайда патриот болуға тәрбиелейміз. Мектепте бізге еліңді сүй, «отан үшін отқа түс күймейсің, суға түссең батпайсың»,-дейтін қағидамен жүргізеді. Бізге адамдар жайында мәлімет бергенімен, адамзат жайында ақпарат бере алмайды. Әлем жайында, оны сүю, оны қорғау жайында емес, өзіңе тәуелді әрі тиесілі жерді ғана қорғауға, елін сүюге жетелейді. Әлем– кең. Бірақ адамның ойы тар.
Адамзат қанша ғасырды бастан кешіп келеді. Бүгінгі күнге дейін соғыссыз бейбіт өмір сүріп, ортақ дүниеге ұмтылған әлі ешкім жоқ. Неге? Хақ тағала бізді жаратқанда соғыссын, жауыздықпен әрі жеңіспен келген іс қана пәтуа береді деп жаратты ма? Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) соғысты. Бірақ кім үшін? Не үшін? Адамзат үшін, ислам үшін. Адамзат дегені өзі, үмбеттері. Ислам – адамгершілік пен тазалықтың, жақсы өмір сүрудің кепілі болған жалғыз шындықтың көзі. Ендеше біз соғыссыз да, алалықсыз да өмір сүруге құқылымыз. Пайғамбардың өзі әлемнің тыныштығы үшін соғысты. Бірақ ол соғыс пен бүгінгі соғыстың арасы жер мен көктей.
Біз ұлтқа, нәсілге, тіліміз бен ділімізге қарай да бөліндік. Бай мен кедей, жақсы мен жаман, жынды және сау болып та бөліндік. Бұл қиспасыз атауларды көктен түсірген жоқ, ойлап тапты. Кім? Өзіміз! Біз не үшін ортақ әлем үшін өмір сүрмейміз, бөлінудің қажеттілігі кімге керек болды. Осы тұста мынадай ой туады, адамзат өзінің тарихында үлкен бір қателік жасаған. Ол қай кезеңде, қай ғасырда екені белгігісіз бірақ, қателіктің орнын күні бүгінге дейін толтырып, не өзгертіп көрген жоқпыз. Ол сондай система, адамдар адамдардың үстінен қарауға құмар. Бәріміз тең дәрежелі саналы мақұлық бола тұра, ерекшеленгіміз келеді.
Әлем біреу ғана. Ол өмір сүріп жатқан жеті құрлықтағы, төрт мұхиттағы тірішілік көздеріне де ортақ. Болды. Басқа ешкімдікі емес. Біздің елге бөлініп соғысып, жер үшін таласымыз, ел үстінен билік жүргізіп,талам-таражға түсуімізден не қайыр, егер әлем өмір сүруін тоқтатқан жағдайда. Қарапайым мысал, Қытай мен Жапон елінің арасында атам заманнан қалған қанды кектері бар. Екі ел арасындағы соғыс ойынның картасы сынды. Біреу шағыстырады, біреу ұтады, біреу ұтылады. Кеше ғана болған табиғат апатында Жапон елінің керегесі бір шайқалып алды. Топан судың астында қалған жапонға бүкіл әлем көмек қолын созды. Тіпті Қытай да. Міне бұл адамзат баласының өзіне тиесілі мүддесі үшін күрес емес, әлем үшін күресін көрсетеді. Өткен ғасырдың еншісінде қалған соғыстың салдары екі ел арасындағы адамгершілік статусты өшіре алды ма, жоқ. Өшіре алған жоқ. Өйткені мемлекет үшін, билік үшін басты орында саяси ойына алда тұрса, алып әлем үшін ең бірінші адамгершілік, тұрақтылық орнауы керек. Олай болса несіне жетісіп өз мүддеміз үшін ғана, былайша айтқанда эгоистік танытып жүрміз. Бізге кімге керекпіз? Біз өзіміз басып жүрген жер мен жұтып жүрген ауа үшін ғана керекпіз. Тіпті оларға керегіміз шамалы. Біз ол жаратылыстарға тәуледіміз ғой. Осы үшін әлем бізден құн талап ете ме? Жоқ. Ал біз мыңдаған бөлікке бөлініп бірімізден құн талап етеміз. Бұл қандай жүйе?
Бізде бір-ақ отан бар, оның аты – әлем. Біз өзімізге тиесілі отанды сүюден бұрын әлемді, адамзатты сүйе білуіміз керек. Егерде бәрі біз ойлағандай адамзат баласы адамгершілік пен тұрақтылықты орнатқан қоғамда өмір сүргенде, ешқандай да соғыс, зорлық, жаманшылық болмайтын еді.
Өзімізге тиесілі елдегі (Қазақстан) жағдайға қарап сараптама жасап көрсек. Доллар өсіп, теңге құнсызданды дейміз. Мұнайдың бағасы түсіп кетті. Бір түсініксіз дүние бар. Бір күннің ішінде мұнайдың бағасы түсіп, доллар өсіп кететіндей көктен біреу қолмен істеп отырған жоқ қой. Біз істеп отырған. Кім? Доллар кімге тиесілі солардың ойыны. Біз әлемді өзіміз қолмен жасап алған секілді күйде өмір сүреміз. Әлемдегі ақылды адамдар басқа адамдардың өздерімен санасқанын қаламайды. Олар олардың тобыр болып қана қалғанын қалайды. Бұл жүйе Совет үкіметі кезінде ашық көрініс тапқаны белігілі. Елдің сүт бетіне шыққан қаймақатарын атты, қамады. Әйтеу жоқ қылды. Байлар бай болып туылып, кедей адам кедей болып келіп өлі кетсе өмірді әділетті дей аласыз ба? Әрине тағы да жоқ. Бірақ өмірді жаратқан Құдай. Құдай әділетсіз деуге аузыңыз бара ма?! Сақтасын өзі! Ендеше кім әділестіз? Қоғам! Ал қоғам дегеніміз адамдар жасап отырған орта.
Адам – мәдениеттің көлеңкесі. Біздің әрбір жасаған әркетіміз, сөйлеген сөзіміз біз жайында хабар беруші. Біздің мәдениетіміз біздің адамдығымыздың көрінісі. Бір ағысқа жатып алып, соның бойымен жүзе беру ақымақтық екенін сезінетін кез келді. Мектеп бізге білім беріп жатырмыз деп ойлайды. Жоқ. Олар бізге бір сорпаны қайта –қайта қайнатып ішкізуде. Әлем алдындағы борышың санаулы: адамгерішлік, сүйіспеншілік, тазалық әрі ұят болатын дүниенің мәнін сезіну. Адамдардың азғындап, өз мүддесі үшін өмір сүріп, әлем алдындағы борышын сезінуден қалған тұсын уақытында түсінген хакім Абай: «Адамазаттың бәрін сүй бауырым деп» айтып кеткен.
«Құдай тырнақты жәндіктер шағып кеткен жерді қасу үшін жаратқан дейді, ендеше жәндіктердің жаратудың неге керегі бар. Оған тырнақты жарату керек болды»,-дейді ғалы Жан Фреско. Ойлап қарасаңыз, шынымен де тырнақты жарату үшін оның атқаратын қызметі болуы керек. «Бар» деген сөзді айту үшін «жоқ» деген сөздің тууы абзал. Ендеше әрбір дүние бір – біріне тәуелді. Біз о дүниеден жаратылып келген екенбіз сол жаққа тәуелдіміз. Өлімнің бары соның дәлелі.
Ақырзаман азғындап кеткен дүниені шаюуға келетін Алланың әмірі. Әмір әлемнің күл-талқанын уақытынан бұрын шығармасын десек, «адамның күні адаммен» дейтін ұғымды қалыптастырайық.
© Марғұлан АҚАН