Бізді қоғам тәрбиелей ма?

Бізді қоғам тәрбиелей ма?
жеке
блог

   Адамзат пайда болғалы түрлі қоғамда омір сүріп, өмір сүру салттары бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Феодалдық, социалистік, капиталистік, демократиялық, диктатуралық, монархиялық тізе берсең көп. Барлығын да өзіміз ойлап тауып, қайсы адамзатқа қолайлы екенін шеше алмай әлекпіз. Қай қоғамды алсаң да, оңып тұрғаны жоқ. Біреуінде қорқып омір сүрсең, біреуінде демократияны жамылып адами қасиеттерге жат ағымдар (нашақорлық, жезөкшелік, гейлер т.б.) етек жаюда.

    Сонымен менің айтайын дегенім, адам бұзылса қоғамды кіналаймыз. Ал сол қоғамды біздер, адамдар басқармаймыз ба? Қоғамды өзгертетін де өзіміз. Адамдар маскүнем, нашақор болып кетсе де қоғам кінәлі болып шығады. Меніңше әр адам мемлекет, қоғам демей, өзіне-өзі жауапты болуы керек. Өйтені, адамның араққа салынғанымен, ұрлыққа барғанымен оның мемлекетке түк те зияны тимейді. Мемлекет басында отырғандар да, біріншіден өзі үшін жұмыс жасап, содан кейін ғана "халқын" есіне алады. Өйткені ол да - адам.