Бізді жыннан құтқар. 18+

Бізді жыннан құтқар. 18+
жеке
блог

Қаншалықты киноман болсам да осы күнге шейін "Звонокты", "Маманы" көрмегенімді айтсам күлесіз ба? Иа, мен оларды көрмегенмін, себебі өте қатты қорқамын, ужастиктерге мүлдем бармаймын. Оған әрине кінәлі адам бар, ол - ағам. Бала күнімде әбден қорқытып тастаған Cry

Кеше "Избави нас от лукавого" киносына бір ғана адам үшін бардым. Мен оған "Троядан" ессіз ғашық болғам... Эрик Бана түскен барлық киноны қарап шықтым десем болатын шығар. Сол үшін психологиялық ужастик болса да осы киноға барайын деп шештім.... 

Кино желісі: Қаланың қарапайым полицейі бұл өмірде болып жатқан жамандықтардың бәрінің адами тұрғыдан себебі мен түсініктемесі бар деп ойлайды. Тек, соңғы кездегі адамдардың түсініксіз істері мен олардың жұмбақ өлімдері оның бұл ойының дұрыс еместігіне көзін жеткізеді. Діннің де адам өмірінде алатын өзіндік орны бар екенін түсінеді...

Кейде адамдардың шектен шыққан әуесқойлығы мен өздеріне тиісті емес нәрсені білгісі келетін істері адамды қашанда жақсылыққа әкелмейтінін анық көрсете біледі. Себебі сіз білуге құмарту арқылы басқа әлемнің есігін ашып жіберуіңіз әбден мүмкін екенін ойланбайсыз ғой... 

Шынымды айтсам қорқынышты кинолармен салыстырып анаған қарағанда қорқынышты деп айта алмаймын. Бірақ, киноның адамға әсері сұмдық, тіпті ішіңнен "мен қандай сүре білетін ем?" деп ойлай бастайсыз. Тіпті көп қыздар қорқып шығып кетті, ал мен оларға қарағанда батыр екем,  көп жерін көзім мен құлағымды жұмып қарадым Cry.

Залда қамсыз келе жатқанымда мына қыз енді есімді алды, әсіресе дауысы ))).  

Меломан компаниясының қойған қойылымы керемет өтті. Ана актрисаны қайдан тапқан деймін да ))). 

Жалпы киноға нервыңыз мықты болса, қорықпайтын болсаңыз барып көріңіз. Жалпы қорқынышты кинолар адам стресін шығаруға жақсы көмек етеді дейді. Не ғой, өтінем жалғыз бармаңызшы...