Бізді достастырған-Интернет :)
блог
Сәлеметсіздерме! Менің блог жазбағалы біраз болыпты. Массагетке қайта оралдым!
Сіздер арман орындалатына сенесіздер ме? Расында кейбір армандар орындалмайтын сияқты болып көрінеді, бірақ адам нақты арманын анықтап, алдына дұрыс мақсат қойып және соған қарай әрекет етсе, ол орындалатыны сөзсіз. Әрине кез-келген жетістік оңайлықпен келмейді. Оған жету жолда түрлі кедергілер мен қиындықтар кездеседі, тек оған мойымау керек.
Бүгін мен өзімнің интернет ақылы достасқан жақын құрбым туралы айтпақшымын.Ол өзінің арманына ұмтылатын жандардың бірі. Оның есімі Жазира Өтесбай. Кейде өз достарының жеткен жетістігіне бірге қуанып немесе әркімінң өзінің үлгі тұтатын достары болады емеспе. Міне сол Жазира үлгі тұтатын тіпті мақтанатын досым десе болады!)) Жақында біздің достығымызға бір жыл болады. Оны мен алғаш рет инстаграм парақшасы арқылы білдім. Оның суреттеріне қарап оның сондай ізденімпаздығына, жан-жақтылығына және еңбекқорлығына тәнті болғам. Жалпы адамның психологиялық тұрғыда қандай екенін білу үшін оның желі парақшасындағы суреттеріне қарап білуге болады екен. Біз инстаграмдағы дайрект арқылы сөйлесіп, содан кейін жақын араласып кеттік.
Жазираның қызыққа толы өмірі сонау Маңғыстаудан Алматыға білім қуып келіп, студент атанған кезден басталды десек болады. Өйткені ол сабақты жақсы оқып ғана қоймай, университет қабырғасынан тыс неше түрлі іс-шараларға, қоғамдық жобаларға қатысып көзге түсті. Оған әсіресе қоршаған ортаға, адамдарға көмектесіп, волонтёр болған ұнайды. Волонтёр болу оның хоббиі десе де болады. Және би өнерінен де қалыс емес. Жазира волонтёрлік қызметпен 2015 жылдан бастап айналысып келеді. Ең алғашқы еріктілік қызметі Charity Wish Tree атты қайырымдылық шарасынан басталды. Содан бері ол Almaty Invest Forum, The 28th Winter Universiade, EXPO-2017, EURO және UEFA Futsal Cup-та аудармашы және ұйымдастырушы қызметтерін атқарды. Ал қазір Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы олимпиада ойындарында волонтёр болып жүрген жалғыз қазақ! Ол сонда IT саласында қызмет атқарып жүр. Сол жерде Қазақстан журналисттері мен Кореяның беделді Yonhap New Agency-дің халықаралық серіктестікке жауапты мырза мен бас редакторларына және Ресей журналисті мен айтишниктерге аудармашы болды.Жазира негізі осы олимпиада ойындарына бағын сынап көрейін деп белгіленген талаптарға сай өтінішті екі жыл бұрын қалдырған болатын. Онлайн түрдегі сұхбаттан өтіп кетемін үш ұйықтаса да түсіне кірмеген.
Жазира Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетін физика мамандығы бойынша тәмамдаған. Литвадағы Каунас технологиялық университетінде "қолданбалы физика" мамандығы бойынша білім алмасып келді. Және де АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатында өздеріңізге белгілі "Work&Travel" бағдарламасы бойынша үш ай жұмыс істеп келді.
Ойлап отырған шығарсыздар қалайша осындай жетістіктерді жалғыз өзі бағындырды деп. Ол әрине ең бірінші еңбекқорлық, талап және адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуы. Жалпы кез-келген жетістік адамдармен араласу арқылы келеді емес пе? Одан кейін оның ағылшын тілін жетік меңгеріп, еркін сөйлей алуы. Қазіргі таңда ағылшын тілі үлкен сұрынысқа ие. Тіпті оны білмеу ұят сияқты. Халықаралық тіл болғандықтан ақпараттардың көбісі осы тілде жазылған.
Қорытындылай келе, бұны жазған себебім, әрине ең бірінші құрбымның жетістігімен бөлісу. Және сіздерді армандар орындалатына сендіргім келеді. Армандаңыздар, тіл үйреніңіздер, білім алып өз өздеріңізді жан жақты дамытыңыздар! Расында өмір керемет! Армандар міндетті түрде орындалады!
Жазираның Кореяда қазақ журналисттеріне берген сұхбатынhttps://www.inform.kz/kz/phenchhanda-kazak-kyzy-kayda.. сайтынан оқи аласыздар.
Және ол бір кореялық бағдарламаға түскен болатын. Егер қызықты болса
сайтынан көре аласыздар.)