Біз тораптамыз: Меган Фокс жақында сәбилі болмақ
блог
http://1tv.kz/kk/news/culture/29032012/megan_fox
Америкалық Star атты басылымның хабарлауынша, «Трансформеры» фильмінің жұлдызы, 25 жасар Меган Фокс пен оның күйеуі Брайан Остин Грин өздерінің тұңғыш баласын асыға күтуде.
«Олар бұл қуанышты жаңалықты таяу арада ғана біліпті. Жүктіліктің мерзімі әлі бастапқы сатысында болғанмен, Меган бұл хабарды жақындарымен бөлісуді жөн көрді», - дейді Меган Фокстың ресми өкілі.
Голливуд жұлдызы жас болғанымен, оның балаларға тәрбие беруде тәжірибесі бар. Ол әртіс Ванесса Марсилдің 9 жасар ұлын тәрбиелеуде. Еске сала кетсек, 9 жасар Матиас – Меганның өгей ұлы.
Меган мен Брайан 2004 жылы танысты. Ал 2006 жылы некелерін қиды. 2009 жылы ажырасып кетіп, көп ұзамай қайтадан Гавай аралында табысып, жасырын түрде үйленген еді.