Біз отбасымызбен есірткіге қарсымыз!

Біз  отбасымызбен  есірткіге  қарсымыз!
жеке
блог

                     Біз  отбасымызбен  есірткіге  қарсымыз!

        Мен өмірге келгенде үй іші  қатты  қуанып, «Рауан» деп  ат қойыпты.  Менің өмірім думанды, қызықты сәттерге  толы болсын деп тілепті.  Мен ата-анамның сол тілегін  ақтап, өмірде  тек  пайдалы істермен  шұғылданып,  мәнді  етіп  өткізгім келеді. Бала- бауыр етің  демекші, ата-анам менің  жақсы азамат болып өсуімді,  зиянды әдеттерден аулақ болғанымды  қалайды. Қазіргі уақытта  көп  жастар зиянды  әдеттерге әуес-ақ, олай дейтінім,  теледидардан  есірткіге  тәуелді болып, отбасын, ата-анасын  тыңдамай, ауыр жағдайға душар болған, өз өмірін   құрбан  еткен  жасөспірімдерді  көріп жүрегім  ауырады.  Осы жағдайды көріп, анам  бізге есірткінің  зияны туралы көп  мағлұмат берді. Есірткі санаға, миға әсер ететін заттар болып табылады. Есірткілер – адам психикасының  көңіл-күйін, санасын,  тәртібін өзгертетін заттар. Әдетте есірткілерді пайдалану қызығушылықтан басталады. Адам өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Алғаш ол нәрсені  қызық көріп әуестенсең, кейін оның  шырмауына қалай кіріп кеткеніңді  де  аңғармай  қалатыныңды,  зардабының қайда апарып соқтыратынын  айтты. Кейін есіркісіз өмір сүре алмайтындай  дәрежеге  жеткенін де сезбей қалады.

Мен  ойымды аяқтай отырып, достарымның алдағы уақытта есірткінің етегіне ермесе екен деп тілеймін. Және денсаулықты  сақтап, салауатты  өмір сүруге  шақырамын.

                                        

                                                                                        Саду  Рауан

6 «Ә» сынып  оқушысы

Байқоңыр қаласы

№273 мектеп