Біз өмір сүріп жатқан жоқпыз, тек күнкөріс үшін тырмысып жүрген сияқтымыз

Қайран ата-бабаларымыз-ай, ғасырлар бойы жоңғарлардан, қытайлар мен қалмақтардан қорғаған ұлан ғайыр жерлеріміздің, ол жердегі қазба байлықтардың ұрпақтарына осындай қиындықпен келетінін білмеді ғой. Қазіргі қоғамда үйсіз-күйсіз жүргендердің басым көпшілігі байқап тұрсам қандастарымыз. Әкімдіктерді жағалап, балаларын суйреп, жылап жүрген басқа ұлт өкілдерін сирек көресін. 

    Ал жоғарғы оқу орындарының бағасы "ұшып тұр". Яғни миың болып, қалтан жұқа болса, болашағын жоқ деген сөз. Міне осыдан кейін  жоғары дәрежелі мамандар қайдан шықсын. Оқудың ақшасы мен қарапайым халықтың айлығын салыстырсаң күлкің де жылағың да келеді. Жұмыс істеп жер сатып алу деген арман болып кетті. Шенеуніктердің салған "хан сарайлары" жалғыз айлыққа салынды деп айта алмаспын. 

Қазба байлықтың үстінде кедейлер өмір сүруде. Халыққа тиеселінің бәрі шенеуніктердің құлқына кетуде. Қарапайым халық көңіл көтеріп,сергіп, қыдырып, денсаулығын, тәнін жанын күтіп, өмір сүру үшін емес, күнделікті наны мен киімі, оқу мен тіршілігіне қажетті қаражатты табу үшін күресіп келеді. Басқа мемлекеттердегідей мемлекет тарапынан жеңілдіктер (тегін газ, жанар- жағар май, азық-түлік)  қарастырылмағаны өкінішті.

 Кеше ғана "Алтын Орда" базарын аралаған едім. Қазақстан емес Қарақалпақсатнның "филиалы" ма деп қалдым. Келімсектер де қаулап, жерімізді жаулап барады.

  Қайран қазағым-ай қалмақтардың қырғынынА, жоңғарлардың жорығына шыдаған енді тағдырдың тәлкегіне шыдап көрейік. Мүмкін 2050 де жағдайымыз жақсы жаққа өзгеретін шығар.Жоқ әлде ол да көкжиек сияқты жанына жеткенде жоғалып кетер ма екен?



Бөлісу: