Қазіргі кезде халық тұтынатын өнімдердің пайдалысынан зияны басымырақ болып тұр. Оған бірден-бір себеп дүкен сөрелерінде самсап тұрған қолжетімді тауар белгілері. Қазірде халық арасында, әсіресе, жастар арасында кеңінен таралған энергетикалық сусынды кез-келген сауда нүктелерінен еш қиындықсыз табуға болады. Оған сұраныс та жоғары. Бұл мақаланы жазуға түрткі болған да сол. Зиянды екенін біле тұра, оны тұтынатын адам саны көбеймесе, азайған жоқ. Энергетикалық сусын – алкогольсіз, кей жағдайда пайызы төмен алкогольды, газдалған сусын. Оның жарнамаларынада адамның орталық ми жүйелеріне әсер етіп, энергия, күш-қуат беріп, ынталандыру қабілетіне көп назар салады. Яғни, оны ішкен адамның ұйқысы ашылып, құлшынысы артады-мыс.
Ең алғашқы энергетикалық сусын 1960 жылы Жапония елінде пайда болған. Ал, Еуропа елдерінде алғаш рет 1987 жылы дүкен сөрелеріне қойылып, үлкен сұранысқа, танымалдыққа ие болған. Бірақ, АҚШ елдеріне тек 10 жыл өткен соң ғана, 1997 жылы тарады. Дегенмен, энергетиканың нағыз шарықтаған шегі 2000 жылдардың ортасы болды. 2006 жылы әлемде энергетикалық сусынның 500-ге жуық түрі тіркелген. Америка Құрама Штаттарында соңғы 5 жылда энергетиканың өсуі 60%-ға жоғарылаған. 12,5 млн АҚШ долларын құрайды. Жедел жарнаманың әрекетінен жастар арасында бұл сусын түрі тез сәнге айналды. Көп адамдар энергетикалық сусынды қолдану арқылы өздерінің энергиялық ресурстарын толтырамыз деп ойлайды. Негізінде олай емес. Көптеген диетологтар мен дәрігердің айтуынша, энергетикалық сусындарды шамадан тыс қолдану семіздікке әкеп соғады. Максималды дозасы – күніне 2 банкаден кем емес (0.33литр).
Энергетикалық сусынның адам ағзасына кері әсері: • Белгіленген мөлшерден көп қолданған жағдайда артериалды қысым мен қандағы қанттың құрамы жоғарылап кету қаупі басым. • Энергетикалық сусынның өзі энергияға толы емес. Ол тек адамның ішкі резервтерінің әрекетінен туындайды. • Энергетикалық сусынның құрамындағы кофеин адамның нерв жүйесін жұқартып, тәуелділікке әкеп соғады. • Практикалық тұрғыда барлық энергетикалық сусындар жоғары колориялы. • Бір банка энергетикалық сусынды ішкеннен кейін оның әсері 3-5 сағатта ыдырайды. Одан кейін адам ағзасы тынығуды қажет етеді. Егер 3-5 сағатқа жетпей энергетикалық сусынды, кофені, шәйді ішетін болса, кофеин дозасы бірнеше есе жоғарылап, қан қысымының жоғарылауына, не болмаса төмендеуіне, тахикардияға әкеп соғуы мүмкін. • Құрамындағы көпмөлшерді қант тіс эмальіна зиянын тигізеді. Энергетикалық сусынның құрамындағы таурин: Іш ауруларына; Асқазан жарасына (язва); Гастрит; Аритмия Жүрек ауруларына шалдықтыруы немес қоздыруы мүмкін Дәл осы себептерден кейбір елдерде энергетикалық сусынды сатылымға шығаруға тыйым салып жатыр. Құрамында глюкуронолактон кездесетін энергетикалық сусындарды АҚШ-та солдаттарға беріп, тәжірибе жасалған. Солдаттарға ерекше күш-қуат беріп, әскери рухын көтергенмен, ағзаларына айтарлықтай зор зақым келтірді. Препаратты қолданған әскерлерден ми ісігі, бүйрек циррозы анықталған. Содан бастап препаратты қолдануға қатаң тыйым салынды.
Энергетикалық сусынның адам ағзасына пайдасы. Энергетикалық сусындар орталық нерв жүйесіне әсер етіп, қолданушыларға сергектік әсерін сыйлайды. Ойлау қабілетін жақсартады. Ағзадағы қан айналым жүйесін ретке келтіріп, бұлшық еттерге әсер етеді. Энергетикалық сусынды пайдаланғаннан кейін әсері кофеден қарағанда екі есе жоғары болады. Энергетиканың құрамындағы газдың арқасында қуаты дереу сезіледі. Оның ыңғайлы орамының арқасында оны кез-келген жерде, кез-келген уақытта пайдалануға мүмкіндік болады.