Біз не жеп жүрміз?

Кез-келген дүкенге немесе сауда орындарына бара қалсаңыз алдыңыздан көздің жауын алатын, пішіндері бірдей түсіде әдемі сырты жылтыраған жеміс жидектерді көресіз, сатып алып жатамыз. Енді сол сатып алған тағамдардың құрамы қандай? Қалай дайындалады? Қайдан келіп жатыр? Мұны біріміз білсек біріміз біле бермеиміз.

Еліміздегі көкөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық та сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де, базарда да тастай болып қатып жата береді. Бұзылмайды. Ал өзіміз өсірген қызанақ екі-үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында мүлде ет болмайды. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалады. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда«гендік модификацияланған организмдер» (ГМО) деп атайды.Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз. Себебі ГМО-нің адам денсаулығына әсері әлі толық зерттеліп бітпеген.  Бірақ халық  «білмеген у ішеді» деп, ас мәзіріне қолдануда.Гендік модификацияланған азық-түліктер XX ғасырдың биология саласындағы үлкен жетістігі. Бірақ, негізгі сұрақ осы азық-түліктердің адам ағзасына әсері болып отыр.

Сонымен гені модификацияланған өнім дегеніміз не?

ГМО- бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін  қосу нәтижесінде  ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін алынады. Немесе,  күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған  солтүстік камбаласының генін пайдаланған.Енді ол аязға төзімді, үсімейді. Айтып өткен картоп өнімі  колорад қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге,  бір пішінді  бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді  қосуға болады екен. Енді мұндай сипаттамаға қарап мұның зияны барма деген ой әрқайсымызды алаңдатары анық. «Жылтырағанның бәрі алтын емес» ГМО-қауіптілігі гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп , адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін. Генді орналастыру үшін транспозон вирусын немесе плазмиданы қолданады. Олар ағза жасушасына еніп, жасуша  ресурсын өзінің гендік тізбегін нөмірлерін құруға пайдаланады.ГМО қолданған ағзаларда да өзгерістер болатыны анықталған. Тышқандарға жүргізілген экспиременттерде ГМО  құрамы  олардың ұрпақтарынан  да табылған.Сонымен ғалымдар ГМО тек қана өнімде емес,сонымен қатар оны қолданғандарда ,олардың ұрпақтарында кездесетінін  анықтады. Ғалымдар зерттеу ізденістерінің нәтижесінде алмаға түсетін құрттың ата жауының генін алмаға енгізгенде оған құрт түспейтінін және ұзақ сақталатынын анықтаған. Сыртқы сәні қалғанымен, бүкіл мәні өзгеріп кеткен алмаға құрт екеш құрт та жоламайды. Біз жей береміз.  

Генетикасы модификацияланған дақылдармен қоректендірілген эксперименттік жануарлардың және олардың кейінгі ұрпақтарының ағзаларында патологиялық өзгерістер анықталған. Британия ғалымдары  генетикасы модификацияланған ГМ-картоптың, Италия ғалымдары – ГМ-сояның, Австралия ғалымдары – ГМ-асбұршақтың, француз зерттеушілері ГМ-жүгерінің жануарлар ағзасына қауіпті екендігін дәлелдеген. Мысалы, ГМ-жүгері беріп асыраған эксперименттік жануарлардың төлдері 100 пайыз өлі туғаны туралы ғылыми нәтиже бары белгілі. Бірақ мұндай қорытындыны кезінде жауып тастаған. Себебі ғалымдардың бұл секілді қорытындыларының жария болуы өндіруші компанияларға тиімді емес. Биотехнология саласында зерттеулер жүргізген 500 ғалымның үштен бірі өздерінің анықтаған қорытындысын өзгертуге мәжбүр болғаны туралы мәліметтер бар, себебі ғылыми-зерттеу жұмысына демеушілік жасаған өндіруші компания өкілдерінің өтінішін орындаған. Ғалымдардың 17 пайызы тапсырыс берушіге ұтымды нәтиже көрсетіп, жалған қорытынды берген, ал 10 пайызы қаржылай қыспаққа түсетіндіктен, қаймығып, ГМО-ның кері әсерлері жөніндегі ақпаратты жасырған.

Ең алғаш трансгенді өнімдерді шығаруды 80-жылдары Американың әскери қорғаныс күштеріне бағынышты Монсанто компаниясы қолға алған екен. Трансгенді дақылдарды өсірудің және әлемге таратудың басты жарнамашысы – Америка. Сөйте тұра, АҚШ-тың ауыл шаруашылығы министрлігі өз елінде ГМ-күріштің сортын егуге тыйым салған. Тіпті қазіргі кезде егіліп қойған ГМ-күрішті толықтай жою керек деп бұйрық шығарған.

Гендік модификацияланған өнімдердің қазір кеңінен таралуына біріншіден ғаламдық аштық себеп болып отыр десек, дәл қазір жер бетінде 1 млрд 200 млн адам аштыққа ұшыраған көрінеді. Осыдан бес жыл бұрын шетелдік ғалымдар «ашыққандардың қатары 800 миллионға жетті» деп дабыл қаққан еді, қысқа мерзім ішінде 50%-ға көбейген ашқұрсақтарды аштықтан қорғаудың амалы да осы гендік модификацияланған организм­­дерді ойлап табуға келіп тірелгенге ұқсайды.

 Генетикалық аппаратын қолдан өзгертіп өсірілген өнімдер бүгінгідей қарқынмен тұтынушының қарнына түсе берсе, «алдағы 40 жылдан кейін адамзат ұрпағы күрт кеміп, бүкіл биосфера бұзылып бітеді» дейді көптеген ғалым. Адамның иммунитеті әлсірейтіні, аллергия көбейетіні ғылыми тұрғыдан негізделіп жариялануда. Кез келген өсімдіктің, жәндіктің, жануардың табиғи геномына бөтен қасиеті бар генді қиюластырып енгізу үшін арнайы тасымалдаушы вирустар пайдаланылатынын ескерсек, неше түрлі ой келеді. Себебі адамзатты азапқа салумен келе жатқан тұмау да, гепатит те, полиомиелит те, жүре пайда болатын иммунитет тапшылығы синдромы да (ЖИТС, орысшасы – СПИД) тағысын тағылары әртүрлі сондай вирустардың ағзаға бір кіріп алғаннан кейін мүлдем бағынбайды.

Қазір ГМО-ны Қытай, Жапония, Корея, АҚШ сынды елдер өндіреді және мұндай өндіріс жылдан-жылға еселеп өсіп келеді. Бірақ гені өзгерген өнімді тұтынушының ағзасында өзгеріс болмайды деген кепіл жоқ. Шетелдік ғалымдар бірнеше зерттеу жүргізіп, ағзадағы өзгерістен бөлек, бедеуліктің пайда болатынын да анықтаған. Бірақ бұл мәлімдемелер нақты ғылыми-зерттеудің нәтижесі ретінде танылмай отыр. Оның себебі де белгілі. Алпауыт елдердің ГМО-дан тауып отырған пайдасын ескерер болсақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының да «тіс жармай» отыруының неден екенін ұғыну қиын емес. Мысалы, дамыған елдердің бірнешеуінде жүргізілген сараптама бойынша, есек пен атты будандастырып алынған жануардан ұрпақ өрбімейтіні анықталды. Гені өзгеріске ұшыраған картопты жеген егеуқұйрық та, жүгеріні жеген тышқанның да көбеймейтіндігі дәлелденді. Бірақ ГМО-ны таратушы негізгі ел АҚШ мойындар емес. Алысқа бармай-ақ қоялық, біздің елде де соңғы жылдары бедеулердің күрт көбеюі білініп отыр. Сарапшылардың айтуынша, оған ГМО-ның да себепші болуы әбден мүмкін.

Трансгенді организмдердің көбі ұрпақ бермейді. Мысалы, қашыр деген жануар – есек пен жылқының буданы, ұрпақ бермейді, арыстан мен жолбарыстың күшігі де ұрпақсыз. 18 мың ғаламды Жаратушы өте сирек кездесетін мұндай будандасуды әдейі көрсетіп, «ей, адамдар, абайлаңдар» деп адамзатқа ескерту жасаған шығар деп ойлануымыз керек. Бір күндік қарын тойғызудың қамын ойлап, «жұтқан жұтамайды» деген қағидаға сеніп, табиғат заңдылығына қол сұғу  қауіпті.

Игорь Папэ, тәуелсіз сарапшы:

–        Қазақстандық әйелдердің 18%-ы құрсақ көтере алмай жүр. Мұндай мәселе әлем елдерінің көбісінің басында бар. Осыдан-ақ түсінуге болады, АҚШ ГМО-ны белгілі бір саяси сипатта өндіреді. Жер шарындағы адам санын азайту керек, сол үшін. Ғалымдар гені өзгерген өнімдерді жегеннен адам ағзасында өзгерістер болып, ұрпақ жалғастыру тоқталатынын дәлелдеп беріп отырса да, АҚШ-қа бағынышты әлемдік ұйымдар оларды қарсы шықтыңдар деп, көздерін құртып жатыр. Ал жазықсыз, қара­пайым халық жапа шегіп жүр

 

ГМО-ның дүниежүзіне кең тарап кетуінің кесірінен адамдар мен жануарлар арасында ұрпақсыздықтың дамуы, қатерлі ісік ауруларының көбеюі, тұқым қуалайтын кемтарлықтың ерекше түрлері пайда болуы мүмкін екендігін белгілі ғалымдар дәлелдеген. Тіпті ГМ-жүгері беріп асыраған эксперименттік жануарлардың төлдері 100% өлі туғаны туралы ғылыми нәтиже белгілі бола тұра қорытынды жойылған.

Аштан емес, астан өлмейтініңе де кепілдік жоқ. Қолдан өсірген емес, қолдан өлтірген тағамдардың кесірінен құбыжық сәбилердің, түрлі аурулардың көбейіп кетуінің бір ұштығы осында жатқан жоқ па екен? Алайда ол туралы ресми статистикалық дерек мүлдем жоқ. Батыс ғалымдары мутацияға ұшырау – генетика ғылымының қарқынды дамуы себебінен деп есептейд Бүгінде жер бетінде күн сайын 20 мың адам аштықтан қырылып жатыр дейді статистика. Жантүршігерлік осы жағдайды ойлағанда, гендік инженерия арқылы өнім өндіру, әрине, қажет. Ол – уақыт мәжбүрлігі.

 Ал енді қазаққа гендік модификациядан өткен өнімді тұтынудың қажеті қаншалық?

 Кең-байтақ жері бар, суы бар, күні де жылы, мал өсіріп, егін егуге қолайлы территорияда тұратын 16 миллион халық жасанды тағамға зар болып отыр ма?

 Қытай ғалымы Лао-Цзы: «не жесең, соған тартасың» деген екен. Адамның қандай малдың етін көбірек жесе, мінезі соған ұқсап кететінін басқа ғалымдар да дәлелдеп баққан. Ал, расында, доңыздың гені қосылып, пішіні өзгерген, үлкен-үлкен шие мен қауынмен бірдей қытай қиярларын жеу бізді жылқымінезімізден алыстатып жібермей ме?..

 Жан-жануардың гені қосылып өндірілген өнімді тұтыну ертеңге ұрпағымыздың да геніне, мінезі мен болмысына әсер етіп жүрмей ме?

 Қытай көкөністері, әрине, арзан. Бірақ, байқап қараңыз: біз не жеп, қандай болып бара жатырмыз…

 



Бөлісу: