Мөлдірмен бала кезден бастап доспын.Оның жақсы журналист боларына баршамыз сенеміз.Қазақ тілі мен әдебиетінде де ылғи Мөлдірден көмек сұрап отыратынбыз.Негізі,біздің кемшілігіміз де осы.Кейінірек Мөлдір бәрімізді қосымша сабаққа шақырып,бәрін үйретті.
Тестте де ылғи 25 балл алып келетін Мөлдір.Олимпиадалардың жүлдегері.Мақтанышымыз.Ең бастысы,адам дос,сенімді серік бола білетін жан..
Қазірде Мөлдір Массагет сайтындағы жарысқа қатысуда.Сыныптастар атынан Мөлдірге тек сәттілік тілейміз.Мөлдірдің жеңіп шығатынына сенімдімін.
Ол ылғида әлем әдебиеттін сүйіп оқиды.Сыныптағылар оны кітапхана деп мазақтаймыз)Бірақ ол бізге сонда да ұнайды.Көпті өзінің балалық қылықтарымен тәнті етеді.Ал қатты шаршап,сабақ болмай қалса ол бізге ертегілер де айтып береді.Ол Шерлокты қатты жақсы көреді.Шерлоктың оқиғаларын бізге айтып береді.Сыныптағы ең кенжеміз Мөлдір болса да,ол бізден үлкен сияқты)Қызық)
Түркияға сапар шегу арманы.
Ылғи да Қарлыға Бүйенбай есімді апайды аузынан тастамай жүреді.Өте сұлу,көрікті,нағыз идеал апай деп атайды.
Мұғалімдер Мөлдірді ерекше жақсы көреді.Алдағы уақытта Мектеп президенті етіп сайлмақшымыз)
Қорыта айтқанда-Мөлдір нағыз журналист және жеңуге лайықты жан!