Біз кімге ұқсап бара жатырмыз? немесе жуырда жаңа жыл

Біз кімге ұқсап бара жатырмыз? немесе жуырда жаңа жыл
жеке
блог

мына жыр жолдары NAMYS.KZ сайтынан алынды, оқи отырыңыз сізге де әсер етер. 

Авторы: Арман Бердалин

Жаңа жыл жайлы жаңа жыры 

Сендер міндетті түрде өздеріңнен бұрын өткендердің (яхудий мен христиандардың) ізімен жүресіңдер, тіпті олар кесірткенің ініне кірсе де, сендер оларға ілесе кетесіңдер.
Хадис.

Уақыт таппай бір мезгіл Аллаға біз,
Артық болды-ау кәпірден қалған аңыз.
Жаңа жыл деп жүгіріп, қарсы алуға,
Көктен Иса түсердей қамданамыз.

Адасқанды түзетер айлам бар ма,
Алысқан ғой олармен Пайғамбар да.
Мәңгүрт қазақ мәз болар мәнін ұқпай,
Қағбаны емес, шыршаны айналғанға.

Ойлануға ерініп милы адамдар,
Жасалуда қисынсыз қилы амалдар.
Ағыл-тегіл шашылар тойлатуға,
Құрбан айтқа тоқтысын қимағандар.

Шырша болып сол тойдың нақ талабы,
Балталылар орманға аттанады.
Зәм-зәм берсең зәресі кететіндер,
Шампан ішіп ол күні шаттанады.

Жаңа жылға жұмсалып қолда бары,
Жын ойнаққа айналар ордалары.
Сөйтуіне ұлықсат беріп қойған,
Аяз-ата дейтұғын молдалары.

Әрбір тойы болатын мағыналы,
Өткен күнді көңілім сағынады.
Аят айтып көрмеген ауыздары,
Тост айтқанда тосылмай ағылады.

Құлдық ұрып Аллаға тұрса адамдар,
Жасалмас ед тозақтық мұнша амалдар.
Баспанасыз адамды ойласын ба,
Мұзқалаға миллион жұмсағандар.