Біз кімбіз?!
жеке
блог
блог
Біз кімбіз?!
Барлығымызды Алла-тағала бір ананың балаларындай жаратқанда, өзгелерді жақтырмайтындай біз кімбіз?!
Өзгелер:
- Бір жұтым ас таппай жүргенде, тамақ талғап, ұнамағанын лақтыратындай, біз кімбіз?!
- Киерге киім таппай жүргенде, аз уақыт киген киімімізді тастауға асығатындай, біз кімбіз?!
- Ішерге тамшы су таппай жүргенде, тазаланбаған су ішпеймін деп масығатындай, біз кімбіз?!
- Соғыстың шимағын ширата алмай жүргенде, бар істі Мәке-Сәкемен шешем дейтіндей, біз кімбіз?!
- Аз ақшаға адал еңбек атқарғандарына мәз болса, әкеміздің ақшасымен өзгелерді басынатындай, біз кімбіз?!
- Жаңа әлем орнатып жатқанда, ескі әлемнің жоғын жоқтайтындай, біз кімбіз?!