Біз кімбіз?

Біз кімбіз?
жеке
блог

   Сан ғасыр аңсап,бабалардың қанымен қол жеткен тәуелсіздікке 25 жыл.Осы бір ширек ғасырға жуық аралықта Қазақстан бағындырған белестер жетерлік.Алар асулары қаншама?!Тамырын тереңге жайған тарихыма көз жіберер болсам,сананы талай ой тұңғиығына батырып,көкейге талай сұрақтың келетіні рас.Мысалы,"Біз кімбіз?","Жұмыр жер бетінде қашан пайда болдық?","Қай жерді мекен еттік?","Тіліміз,мәдениетіміздің деңгейі қандай?".                                                                                    Біз Өр Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен сақтан қалған сарқыты,ғұннан қалған жұрнағы,үйсіннің жүріп өткен ізіміз.Біз қазақпыз!Көк түріктер мен Алтын Орданың айбарын айтпағанда,Қазақ хандығы біздің елдігіміздің түп тамыры.Ұланғайыр жері бар,бабалары жазған ұлы такрихы бар қазақ халқы - Ұлы халық.                                                                                                    Ақ білектің күшімен,ақ найзаның ұшымен сынға түскен жаугершілік заманда,яғни,1458 жылы Керей мен Жәнібек бастаған Қазақ хандығы құрылған болатын.Ең алғаш еркіндіктің ақ жалауын тіккен едік.Он бес отауды біріктірген қара шаңырағымыз 1991 жылы ыдырады.Шығыстан алтын күн нұрын төгіп,еркіндіктің самалы есті.Көңіл көк аспанындағы қасірет бұлты сейіліп,әнші бұлбұл шаттықтың әнін шырқады.                                                                                                                                              Бүгінгі күні осындай демократиялы,дамыған мемлекетте еркіндікте өмір сүруіміздің себепкерлері - тәуелсіздік құрбандары.Тәуелсіздік тарихтың сыйы немесе бүгіннің меншігі емес,ол өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш,келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілігіміз болып табылады.Қазақ халқының ертеңгі тағдыры үшін боздақтарым жанын қиған.Асқақ арманға қол созып бүгінгі бейбіт уақытты көре алмай кеткен асылдар қаншама?!Дағдарыстар өтеді,кетеді,ал ел тәуелсіздігі,ұлт мұраты,ұрпақ болашағы секілді ұлы құндылықтар ғана ғұмырлық.Ағы мен қарасы,жақсы мен жаманы,жасығы мен жасампазы егіз ұғым болған жаңа ғасырда сап алтындай баға жетпес байлығымыз ұлт құндылығын берік сақтауымыз керек.